ӨТЕ ЫҢҒАЙЛЫ

“Азаматтарға арналған үкі­мет" мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға жаңа туған сәбиді тіркеу, жүктілік пен босануға бай­ланысты табысынан айырылға­ны үшін әлеуметтік төлем таға­йын­дау, баланың дүниеге ке­луі­не және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтерін ұсынады. Биылғы жылдың 8 айында халыққа қыз­мет көрсету орталықтары арқы­лы сәбидің 145 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 267 мыңнан астам жас ана бала ту­ға­­ны үшін бір реттік және бір жас­қа тол­ғанға дейінгі күтіміне тиіс­ті жәр­демақыларды алған, ал 134 мың­нан астам әйелге жүкті­лігі мен босануына байланысты та­бы­сынан айырылғаны үшін әлеу­­­­меттік төлем тағайындал­ған.

Ба­ланың тууына байла­ныс­­ты проактивті қыз­мет еліміз­де 2017 жылдың со­ңында іске қо­сыл­ды. Бала дү­ниеге келген­нен ке­йін ата-анаға бірден құт­тық­тау SMS-хабарла­масы, сон­дай-ақ, сәби­дің тууын тіркеу бойын­ша мем­лекеттік қыз­метті алу ту­ралы ұсыныс келеді. Соң­ғы үш жылда 85 мыңнан ас­там от­басы бала­ның тууына қа­тыс­ты қызмет­терді проактивті түр­­де алған.

Сондай-ақ, жыл басынан бе­рі 53 мыңнан астам жұп неке­ле­рін "egov.kz" "Ээлектронды үкі­мет" порталы арқылы тіркеген.

Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика