ӨНЕРЛІ ЖҰП

"Өнерлінің өрісі кең" дейді дана халқымыз. Мамлютка қа­ла­сында тұратын ерлі-зайыпты Ерғали мен Гүлайна бір­неше жыл бұрын отбасылық вокалдық ансамбль құрып, бү­гін­де аудан жұртшылығын өнерлерімен тәнті етіп келеді.

Отбасылық ансамбль Ерғали мен Гүлайна шаңырақ көтерген жылы құрылған. Екеуі де – өнер де­се ішер асын жерге қоятын жандар. Өнерлерін шыңдау мақ­сатында түрлі байқауларға қа­ты­су, мерекелік шараларда тың­дарманның көңілін көтеру – бұл жұптың ең сүйікті істерінің бірі. Ерғали Зиябек 2017 жы­лы аудандық "Жас қанат" кон­кур­сында – бірінші, 2018 жылы Абай оқуларының облыстық ке­зеңінде екінші орынды иелен­ген. Көмейіне бұлбұл ұялаған ән­ші бойындағы өзге де қабілетте­рін облыстық "Көтеріңкі көңіл күй шебері" өнер сайысында та­ны­тып, бас жүлдені жеңіп алған. Өнерпаздың шәкірттері де түрлі конкурстарда төбе көрсетіп, шы­ғармашылыққа ден қойған. Ал ай­дай сұлу зайыбы Гүлайна Әшір­баева болса, домбыраны жа­нына серік еткен. Жұлдызды жұп бүгінде Нұржігіт және Әйке­рім есімді ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Гүлбике КУБЕНОВА,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика