
- 13 Желтоқсан 2021
Балуандарымыз бабында
Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.
- 13 Желтоқсан 2021
Сайдың тасындай іріктелген
Шал ақын ауданындағы “Құлеке батыр” атындағы спорттық-сауықтыру кешенінде қазақ күресінен облыстық турнир өтті. Спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және саналы ғұмыры ат үстінде өткен Құлеке батырды еске алу мақсатымен ұйымдастырылды.

- 09 Желтоқсан 2021
Жанәлінің жеңісі
Өскеменде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Бұл жарыста жерлесіміз Жанәлі Тұяқов жеңімпаз атанды. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Облыс намысын қорғаған Жанәлі Тұяқов 109 килограмнан жоғары салмақтағылар арасында өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 140, серпе көтеру жаттығуында 186 килограмдық зілтемірді еңсерді.
- 09 Желтоқсан 2021
Әлем біріншілігінің жүлдегері
Грузияның астанасы Тбилисиде пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додаға 700-ден астам спортшы қатысты. Ұлттық құрама сапында ел намысын үш солтүстікқазақстандық спортшы қорғады. Қызылжарлық Александра Пенькова Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды. Спортшы 55 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен болатын.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.

- 07 Желтоқсан 2021
Әмірдің қоржынында – қола
Франция астанасы Парижде брейкданстан әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додада жерлесіміз, спорт биінің шебері Әмір Зәкіров жүлдегер атанды.