
- 26 Қаңтар 2022
Финляндияны жеңді
Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро – 2022 турнирінде Қазақстан құрама командасы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
- 26 Қаңтар 2022
Әлем Кубогының күміс жүлдегері
Жаһандық жарыс қаңтардың 21-і мен 22-сі күндері өтті. Онда дүниежүзінің аузымен құс тістеген кіл мықтылары бақ сынады. Қазақстан намысын 8 спортшы қорғады. Додаға қатысқандардың қатарында солтүстікқазақстандық Инесса Шумекова да бар. Ол конькимен жүгіру спорты бойынша күміс медальға ие болды.

- 24 Қаңтар 2022
АРЖАНИКОВ ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ
Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының атынан 5 спортшы қатысады. Арасында солтүстікқазақстандық Иван Аржаников та бар. 27 жастағы спортшы 500 және 1000 метр қашықтықта сынға түспек.
- 24 Қаңтар 2022
ЕУРОПАДАҒЫ ТАРТЫС
Футзалдан Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Қарт құрлықтың үздіктері жиналған жарыста Қазақстан командасы да өнер көрсетуде. Жерлестеріміз В тобындағы алғашқы ойында еуропалық рейтингте 8-орында тұрған Словения құрамасымен кездесіп, 4-4 есебімен тең ойнады.

- 22 Қаңтар 2022
Ақ Олимпиада алауы
Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде қысқы ақ Олимпиада ойындарының алауы тұтанатын күн де алыс емес. Жан алысып, жан берісетін бәсеке жақындаған сайын сайдың тасындай іріктеліп, бәйге атындай жарап тұрған спортшылар да, спорт десе, делебесі қозатын, ішер асын жерге қоятын, қиқуға қиқу қосатын жанкүйерлер де осынау мерейлі сәтті тықырши тосып отыр.