
- 02 Ақпан 2022
ПАРАЛИМПИАДА ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ
Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы және парабиатлоннан Әлем кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 17 мемлекетінен мықты деген 110 спортшы қатысты. Еліміздің атынан Ербол Хамитов, Кайрат Канафин, Денис Петренко, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Александр Герлиц қатысты. Бейжіңде өтетін Паралимпиадаға қатысатын солтүстікқазақстандық Александр Герлиц пен Ербол Хамитов жүлделі орындарға ие болды.
- 02 Ақпан 2022
Шеберлік сағаты
Өткен жылы “Bars” баскетбол клубы өңір тарихында алғаш рет ел біріншілігінде топ жарып, солтүстікқазақстандықтардың төбесін көкке жеткізген болатын. Жергілікті ұжым биыл да сәтті өнер көрсетуде. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша команда 2-ші орында келеді. Қазір жігіттер Петропавлда кезекті турға дайындық үстінде. Бас бапкер Николай Куркин команданың жаттығуын тамашалауға қала және аудандағы спорт мектептерінің мамандарын шақырып, бар білгенімен бөлісті. “Бүгін клубтың басшылығымен және ойыншыларымен бірге шеберлік сағатын өткіздік. Шара соңында мамандарға бағыт-бағдар бердік. Өзім қала және облыс бапкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқаныма қуаныштымын”, – деді Николай Куркин.

- 31 Қаңтар 2022
Гран-при иегері
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова Красноярскіде өтіп жатқан “Иван Ярыгин” Гран-приінің жеңімпазы атанды.
- 31 Қаңтар 2022
Финалда сүрінді
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбы “Australian Open – 2022” турнирінің финалында чехиялықтар Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковамен сынға түсті.

- 28 Қаңтар 2022
ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ
Өңірімізде заманауи спорт кешендерінің саны артып келеді. Бұл тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына, жастардың спортпен айналысып, шымыр болып өсулеріне айтарлықтай ықпал жасайды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 2993 спорт ғимараты жұмыс істесе, бірқатары соңғы жылдары бой көтерді. Әлі сыры кеуіп үлгермегендер қатарында Қызылжардағы “Қуаныш” волейбол клубының спорт кешенін айтуға болады.