
- 22 Ақпан 2022
КУРСАНТТАР ЖЕҢІСІ
Нұр-Сұлтан қаласында қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі өтті. Қазақстан чемпионатында 3 жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.
- 22 Ақпан 2022
КӨҢІЛДЕГІДЕЙ НӘТИЖЕ
Жуырда Өскемен қаласында өткен шорт-тректен ел чемпионатына өңіріміздің намысын қорғауға 15 спортшы аттанып, қоржынға – 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль салды. Аталған додаға тоғыз облыстан 130-дан астам жеткіншек қатысқанын ескерсек, қол жеткізілген нәтиже көңіл қуантады.

- 16 Ақпан 2022
Балалар футболына қолдау қажет
Петропавлға танымал қазақстандық футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов келді. Олар Солтүстік Қазақстан облысы футбол федерациясының мүшелерімен және жаттықтырушылармен кездесу өткізді.

- 14 Ақпан 2022
ҚЫЗЫЛЖАР – ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев келді. Ол аудандардағы дене шынықтыру және сауықтыру нысандарын аралап көріп, өңір спортшыларының ірі додаларға дайындық деңгейімен танысты. Сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовпен бірге солтүстікте спорт саласының дамуы талқыланған жиынға қатысты.

- 14 Ақпан 2022
АЛҒАШҚЫ ОЛИМПИАДАСЫ
Солтүстікқазақстандық Иван Аржаников Бейжіңдегі Олимпиадада конькимен сырғанау спорты бойынша ерлер арасында бақ сынады.