
- 11 Сәуір 2022
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ — БАБАДАН ЖЕТКЕН МИРАС
Бүгінгі күні қазақ күресінің қарқынды дамып келе жатқанын көріп, көңілді қуаныш кернейді. Ұлттық күресіміз Біріккен күрес одағының құрамына енгелі бері cпорттың осы түрінен әлемнің әр түкпірінде жарыстар ұйымдастырылып, қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Осыдан 4 жыл бұрын Петропавл қаласында қазақ күресінен “Қызылжар арландары” атты клуб құрылып, солтүстікқазақстандық спортсүйер қауымды бір қуантқан болатын. Ашылғанына көп уақыт өте қоймаса да, клубтың балуандары биік белестерді бағындырып үлгерді.

- 05 Сәуір 2022
ЖЕҢІС – ТӨККЕН ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ
Ұландарымыз әлемдік деңгейдегі додаларда атой салса, төбеміз көкке жеткендей қуанамыз. Жамбыл ауданына қарасты Орталық ауылының тумасы, грек-рим күресінің шебері Аманғали Бекболатов қай жарысқа қатыспасын, жанкүйерлерін жерге қаратқан кезі жоқ. Жақында еліміздің үш дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазымен жолығып, сұхбаттасқан едік.

- 31 Наурыз 2022
СӘТТІ ҚАДАМ
Қазақстан футболшылары UEFA Ұлттар лигасы аясында Молдоваға қарсы қарымта ойын өткізіп, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Осылайша жақында ғана ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған петропавлдық “Қызылжар” клубының жаттықтырушысы Андрей Карповичтің қадамы сәтті басталды.

- 24 Наурыз 2022
ТҰЛПАРДЫ ТҰЯҒЫНАН ТАНЫҒАН
Қазақ пен жылқы – егіз. Әрі қазақ баласы ертеден асау үйретіп, ат жалында ойнаған, тұлпар баптауды бес саусағындай білген. Атбегілер жүйрік болар жылқыны құлын кезінен таныған, демек, аттың сынына аса мән берген. Бәйге алар атты қанжілік қылып шаршатпай, бабымен баққан, құнан шыққанда қолтығын жаздырып, ал аламанға қосар кезде оны аяңдатып, желдіріп, тұла бойын ауырлатқан, ащы терін шығарған. Шын тұлпарды тұрысынан танитын атбегінің бірі – Есенгелді Елубайұлы.

- 14 Наурыз 2022
ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН
Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан XIII қысқы Паралимпиада ойындарында солтүстікқазақстандық спортшы Александр Герлиц құрама қоржынына қола медаль салғанын газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Бұл – еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстан паралимпиадашылары қол жеткізген үшінші жүлде. 1994 жылы Лиллехаммерде Любовь Воробьева шаңғы спортынан күміс медаль алса, 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен додада шаңғышы Александр Колядин ел тарихында тұңғыш рет жеңімпаз атанған.