Төрешіні “нокаутқа” түсірді

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан "US Open" турнирінен шеттетілді.

Новак Джокович бұл турнирге де бірінші нө­мірлі теннисші ретінде тіркелген еді. 1/8 финалда ол испаниялық теннисші Пабло Каррено-Бус­тамен кездесіп жатқан. Бірінші сет барысында ол бір рет допты бар күшімен шығарып, тө­реші­ден бір ескерту алған. Ал 11 сет барысында Джо­кович қарсыласына брейк беріп қойды. Бұған көңілі толмаған теннисші допты артындағы қа­бырға жаққа қарай ұрып жібереді. Алайда, ол сы­зық бойында тұрған төрешілердің біріне тиіп, оны есінен тандырады.

Бұл оқиғаға байланысты турнир ұйымдас­тырушылары Новак Джоковичпен ұзақ сөйлесіп, соңында сербиялық теннисшіні турнирден шет­тету туралы шешім қабылдайды. Енді Пабло Кар­рена-Бутса келесі кезеңде Германия өкілі Алек­сандр Зверевпен кездеседі.

Айта кетейік, теннис тарихында мұндай жағ­дай әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, арген­тиналық Давид Налбалдянның да басынан өткен болатын. Ол да допты төрешіге дәл тигізгені үшін 2012 жылы Австралия біріншілігінен шеттетілген еді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика