Исламбек “Химкиге” ауысты

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей біріншілігінде өнер көрсететін “Химки” командасының ойыншысы атанды.

Ол ресейлік клубпен маусым соңына дейін келісімшартқа отырған. Отандасымыз жаңа командада 20-нөмірмен өнер көрсетеді. Ресей біріншілігінің алтыншы турынан кейін үш ұпай жинаған “Химки” турнир кестесінде 15-орында келеді. Алдағы сенбі күні бұл команда сырт алаңда “Уралға” қарсы кездесу өткізеді. Айта кетейік, “Химки” сапында Қуаттың “Қайратта” бірге ойнаған командаласы Дмитрий Хомич те өнер көрсетеді.

Жыл басында Исламбек Қуат “Оренбург” командасына ауысып, ол Ресей Премьер-лигасынан шығып қалғанға дейін бірнеше ойынға қатысып үлгерді. Содан кейін футболшы мен команда келісім бойынша шартты бұзды. Қуат осы аралықта ұлттық құрама сапында Литва және Беларусь құрамасына қарсы ойындарға қатысып, бір голдың авторы атанды.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика