
- 25 Қаңтар 2021
ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ТАБЫСЫ ҚОМАҚТЫ
Өткен жыл солтүстікқазақстандық ауыр атлетшілер үшін сәтті болды. Өңір зілтеміршілері Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болып, Қостанай мен Талдықорғанда өткен жарыстарда қанжығалары майланды. Пандемияға қарамастан халықаралық жарыстар да өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған әлем кубогында сәтті өнер көрсеткен жерлесіміз Жанәлі Тұяқов қола медаль тағынды. Облыс спортшылары бұл жетістіктерімен тоқтап қалмайды.
Алдағы ауқымды жоспарлар жайлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауыр атлетикадан облыс құрамасының аға бапкері Ерік Әлібаев айтып берді.

- 22 Қаңтар 2021
ТЕПКЕН ДОБЫ МҮЛТ КЕТПЕГЕН
Туриндік "Ювентус" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихында соңғы 66 жыл өзгермеген рекордты жаңартты. Күні кеше Италия суперкубогы үшін "Наполимен" өткен матчта "Ювентус" 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Италия суперкубогын тоғызыншы рет жеңіп алған болатын. Бұл кездесуде Роналду спорттық мансабындағы 760-шы голды соғып, футбол тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Ол – 15 маусым бойы кемінде 15 гол соққан жалғыз мерген. Португалиялық шебер 2006-2007 жылғы маусымнан бері ешқашан бұл межеден төмен түсіп көрмепті.

- 18 Қаңтар 2021
АМАНАТ
Күн жұма. Қызылжардағы салынғанына бір ғасыр болған көк мешіттен шығып келе жатқанбыз. Есік алдында үсті-басы алба-жұлба екі әйел отыр. Шаштары айлап тарақ көрмеген, күс-күс болған көйлектерінің мөрін айыру қиын. Әрі-бері өткендерге көздерін сүзіп, алақан жаймайды, демек қайыршы емес. Бастары салбыраңқы. Онсыз да мына түрлерінен ұялып отыр-ау деген оймен жандарынан елемеген кейіп танытып өте бергенмін, біреуі білегімнен шап беріп ұстай алды. Жүрегім тас төбеме шықты. Қатты қорыққанда “бісмілләға” басамыз ғой. Ішімнен бірнеше рет қайталап үлгердім.
– Мен сізді танимын. Біздің үйде болғансыз, – деді біреуі орысшалап. Кім? Қайда? Қашан? Бұл дүниеде адамның ойынан жүйрік ештеңе жоқ деген рас екен-ау. Өтірік айтпай-ақ қояйын, соңғы бірнеше жылдағы жолыққан адамдар, қонаққа барған үйлер, жұмыс барысындағы кездесулер көз алдымнан зулап өтіп жатты.
– Мен Руслан Садықовтың әпкесімін. Боксшы Руслан ше?..

- 18 Қаңтар 2021
ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Қостанай қаласында жүзуден көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Дәстүрлі додаға 17 команда, 180-нен астам спортшы қатысты. Біріншілікте өңір намысын қорғаған облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

- 17 Қаңтар 2021
“БАРС" – КӨШ БАСЫНДА
Қауіпті індет спорт саласын да айналып өтпеді. Жоспарлы жарыстар кейінге шегерілсе, оқу-жаттығу жиындары түгелдей тоқтатылды. Жағдай біршама түзелген соң бірқатар жарыстарды көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылданды, онлайн өткендері де бар.