Сын сәттегі жауапкершілік

“Nur Otan” партиясы сайлауалды тұғырнамаларында, саяси бағдарламаларында, ұлттық іс-қимыл жоспарларында белгіленген стратегиялық басым бағыттарды кешенді түрде жүзеге асырудың ішкі-сыртқы мүмкіндіктерін жүйелі түрде қарастырып келеді. Елді дамытудың негізгі мәселелері бойынша алға қойылған міндеттер ауқымдылық және нақты нәтижелерге бағдарланған сипатымен ерекшеленеді. Басты саяси ұстанымы жаhандық экономикалық қиындықтар мен пандемия індетінің зардаптарына қарамастан экономикалық өсімді төмендетпеу, қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, адамдардың сапалы өмір сүруін одан әрі жақсарту болмақ.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 122

НАМЫС ТУЫН БИІК ҰСТАЙМЫЗ

“Айбын – 2020” республикалық әскери-патриоттық жас­тар жиынының ашылу рәсімі онлайн-форматта өтіп, оны өрендермен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов те тамашалады. Жарысқа қатысушыларды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев құттықтады. Ол өз сөзінде Президент, Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас буынға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 93

Бірлік — қуатты күш

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінге дейін көптеген игі істердің бастамашасы бола білді. Тұрақтылық пен өзара түсіністіктің бірегей моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып ке­леді. Оның 25 жылдығына орай жас волонтерлердің, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен С.Мұ­қанов атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханада "Қазақтану" ғылыми-ағартушылық жобасы шең­бе­рінде "Мен қазақпын" атты онлайн акция өтті. Маңызы зор шараны облыстық "Азаматтық альянс" бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ұйымдастырды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 100

БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 68

ОНЛАЙН ТІРКЕЛГЕНДЕР ЕКІ ЕСЕ КӨП

Жыл басынан бері 1,2 миллион­нан астам қазақстандық тұрғылықты жері бойынша “Электронды үкімет” порталы арқылы тіркеуге тұрды. Ал 699 мың қызмет алушы халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркелуді жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы “egov.kz” порталындағы “Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тіркеу” қызметіне сұраныс екі есеге жуық өскені байқалады. Өткен жылдың сәйкес мерзімі ішінде көрсеткіш түбегейлі басқа болған. ХҚО арқылы 2,1 миллионнан астам қызмет алынса, 726 мың тіркеу “Электронды үкімет” порталында жүзеге асқан.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 66

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика