Алда – ақтық кезең

“Nur Otan” партиясының праймеризіне қатысуға өңірден 653 адам өтініш беріп, 645-і тіркелген болатын. Праймериздің пікірсайыс кезеңі республикалық саяси ұйымның қалалық филиалында бірінші болып басталды. 114 кандидат 20 топқа бөлініп, ашық алаңда пікір сайысына түсуде. Әр сайлаушының дебатты тамашалау, сұрақтар қою мүмкіндігі бар.

Жеребе бойынша анықталған алғашқы бес үміткер бірінші раундта сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, биліктің халықпен кері байланыс орнату, жолдарды сапалы жөндеу, көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жандардың азық-түлік себетін толықтыру, шағын және орта бизнесті жандандыру, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, өмір сапасын жақсарту секілді мәселелерге баса назар аударды. Проблемаларды шешу жолдары ұсынылды.

Екінші раунд “сұрақ-жауап” түрінде ұйымдастырылды. Шектеулі уақыт ішінде әр үміткер мейлінше көп дауыс алуға тырысып бақты. Ең бастысы, өз көзқарасы мен ұстанымын ұғынықты тілмен дәлелді, иланымды түрде баяндап, сайлаушылардың сеніміне ие болуға ұмтылды. Әлеуметтік желілерден тікелей эфирде көрсетілген пікірсайысты бір мыңға жуық адам тамашалады.

Депутаттықтан үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы ұйымдастыру комитетін хабардар етіп отырады. Материалдарды сайтта, болмаса мобильді қосымшада орналастырады. Жинақталған ақпараттармен кез келген партия мүшесі таныса алады.

Мұндай пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін өткізіліп, 1-3 қазан аралығында нұротандықтар өз таңдауларын жасайды. Осылайша, партия белсенділерінің жаңа құрамы жасақталады.

Ілияс САБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хашысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика