БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАРДЫ ТАРТУ КЕРЕК

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов “Facebook” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бастауыш партия ұйымдарының сайлауы – праймеризге қатысушы үміткерлерге әр сайлаушымен жеке сөйлесіп, мәселелеріне терең үңілу керектігін жеткізді.

“Нақты аудан мен елді мекеннің мәселелері назарға алынуы тиіс. Проблемаларды анықтау мен шешу жолдарының бірі – белсенді, мәселеге бейжай қарамайтын жақтаушыларды, өңіріміздің даму жағдайына немқұрайды қарамайтын азаматарды тарту. Дәл осындай адамдар праймеризге қатысуға ниет білдірді. Олардың көпшілігі қаладағы немесе ауылдағы проблемалар туралы жақсы біледі және шешуге күш салғысы келеді. Әлеуетті үміткерлерге осы істе тиімді жұмыс тілеймін”, – делінген жазбада.

Сонымен қатар Құмар Ақсақалов АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Италия сияқты бірқатар шетелдердің тәжірибесін мысалға келтірді. Оның сөзіне сәйкес бұл елдерде праймериз қоғамды демократияландыру, кандидаттарды ынталандыру және партияға деген сенімді арттыру тәсілі ретінде қолданылады екен. “Қазіргі праймериздің маңызды тетіктерінің бірі – қоғамдық пікірталас. Партиялық алаңдарда халықтың өткір мәселелерді жария етіп, талқылауға қатысуға мүмкіндігі бар, соның арқасында кандидаттар азаматтардың талап-тілектері негізінде өз бағдарламаларын жасай алады”, – деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика