ПРАЙМЕРИЗ — КӨШБАСШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ

“Nur Otan” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының сайлауы – праймериз өткізуді бастады.

Праймериздің мақсаты Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау болып табылады.

Праймериз кезінде партия бағдарламаларына енгізу үшін өз шешімін табуы тиіс өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Облыстың тағдырына немқұрайды қарамайтын және оны жақсартқысы келетін азаматтарды праймеризге қатысуға шақырамыз. Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, бірақ “Nur Otan” партиясына мүше болғысы келетіндер де қатыстырылады.

Қалай қатысуға болады:

1 қадам. Егер партия мүшесі болмасаңыз, “Nur Otan” партиясына кіру.

2 қадам. “Праймериз” ақпараттық жүйесіне тіркелу. Тіркеуді primaries.kz сілтемесі арқылы немесе “Google Play” және “App Store”-дан жүктеп алуға болатын “Primaries” мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады.

3 қадам. Өтініш беру және қажетті құжаттарды сайтқа немесе қосымша арқылы жүктеу.

4 қадам. Өзінің онлайн өтінімін растау үшін үміткер аумақтық ұйымдастыру комитетіне жеке өзі келуі тиіс.

Сондай-ақ, өтінімді облыстық партия филиалы (ұйымдастыру комитеті) мекенжайы бойынша жеке ұсынуға болады: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 15. Байланыс телефоны: 8(7152) 36-92-34.

Өтінімдер 2020 жылғы 28 тамыз күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика