ЕКІ КЕЗЕҢМЕН ӨТКІЗІЛЕДІ

Қазақстанда мемлекеттік қыз­мет­ке орналасу бойынша конкурс енді екі кезеңмен өткізіледі. Мем­лекет басшысы қол қойған “Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы” Қазақстан Республика­сы­­ның Заңы негізінде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңына түзету­лер енгізілді.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен бі­ріктірілген. Өзгерістер 2020 жыл­дың 17 шілдесінен бастап күшіне енді. Бұған дейін мемлекеттік ор­гандар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келді. Олар: мемлекеттік органның өз қызмет­керлері арасындағы конкурс, барлық мемлекеттік қызметкер­лер арасындағы конкурс және бар­лық азаматтар арасындағы жал­пы конкурс.

Өз кезегінде, бұл жаңашылдық мемлекеттік органдардың бос ла­уа­зымдарын уақыт созбай толты­руға ықпал етеді. Бұдан бөлек, аталған жаңашылдық стратегия­лық мақсаттарға қол жеткізу үшін кадрлық шешімдер қабылдауда мемлекеттік органдардың ұтқыр­лы­ғын арттыруға септігін тигізеді. Осының алдында конкурстардың үш түрін өткізу бос орындарды тол­тыру үшін көп уақытты талап ете­тін. Бос лауазымдарға орналасу конкурстарының барлық кезеңде­рін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазіргі уақыт­та бұл рәсім 15 жұмыс күніне де­йін қысқартылды.

Аталған тәсіл жүйенің мансап­тық моделін бұзбайды, ал оған үл­кен ұтқырлық береді және тұтас­тай алғанда, жеке сектордан та­лант­ты мамандарды тарту проце­сін жеделдетеді. Сонымен қатар мем­лекеттік қызметшілердің жал­пы конкурстарға қатысу тәртібі же­ңілдетілді.

Өткен жылдың қараша айында заңға мемлекеттік қызметкер­лер­ді жалпы конкурсқа қатысу кезінде тестілеуден өтуден босататын тү­зе­тулер енгізілді. Осылайша, мем­лекеттік қызметшілер енді жалпы конкурстарға жалпы негізде емес, ішкі конкурсқа ұқсас жеңілдетілген тәртіп бойынша қатысады. Осы­ған байланысты, конкурс кезеңде­рін қысқарту меритократия қағи­дат­тарына теріс әсер етпейді.

Әсет ҚАНАФИН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика