МІНДЕТ — ЛАЙЫҚТЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова онлайн режімде партиялық кадрлық резервтің қатысушыларымен кездесу ұйымдастырып, кандидаттарды праймериз өткізу тәртібі мен партияішілік іріктеу ерекшеліктерінен хабардар етті.

 

Еліміздегі беделді, халыққа сөзі өтімді, партияның жұмысын білетін білікті мамандарды іріктеу мақсатында жарияланған праймериз үстіміздегі жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында өтеді. Кандидаттарды ұсыну, оларды тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары және дауыс беру сияқты кезеңдерге бөлінген праймериз жасырын дауыс беру және еркін бәсекелестік тұрғысында өткізіледі.

– Кандидаттар бастауыш партия ұйымынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен облыстан, қаладан және ауданнан ұсынылады. Яғни, Петропавл қаласында тұратын үміткер өз кандидаттығын тек облыс орталығының шегінде ұсына алады. Ал үгіт-насихат жұмыстарын кандидаттар өз қаражаты есебінен жүргізеді. Бұл жұмыстарға партия мүшелерімен кездесулер, “Есіктен-есікке” акциясын ұйымдастыру жатады. Сонымен қатар олар бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желі арқылы үгіт-насихат жүргізіп, флаерлер мен буклеттер дайындап, таратып, көпшілік арасында пікірсайыстар өткізеді, – деді Әсем Рахметова.

Праймериздерді өткізу ережесіне сәйкес кандидаттарға пікірсайысқа қатысу міндеті қойылған. Бұл талапты орындамаған жағдайда, дауыс беруге жіберілмейтіні ескертілді. Пікірсайыстың жалпы ұзақтығы 90 минуттан аспауы тиіс.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары айтып өткендей, дауыс беру онлайн режімде жүргізіледі. Яғни, дауыс берушілер 1 қазан сағат 8.00-ден 3 қазан сағат 14.00-ге дейін мобильді қосымша және веб-портал арқылы лайықты деп таныған азаматты онлайн таңдай алады. Ал қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс беру 3 қазанға белгіленген.

– Праймериз мәслихаттар мен Мәжіліске тікелей сайлау болып табылмайтынын ерекше атап өту керек. Егер бұрын сайлау мажоритарлық жүйе бойынша өтіп, онда сайлаушы нақты кандидатқа дауыс берсе, енді Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы пропорционалды жүйе бойынша жүзеге асырылмақ. Праймериз өз ұстанымын және сайлаушылардың мүдделерін қорғайтын, олардың мәселелерін шешу бағытында аянбай жұмыс істейтін азаматтарды анықтау үшін жасалады, – деді Әсем Рахметова.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика