СЕНАТОР АУДАНДАРДЫ АРАЛАП ЖҮР

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов аудандарды аралап, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып жүр. Айыртау, Есіл, Қызылжар, Аққайың, Мамлют аудандарына арнайы барған халық қалаулысы әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп, тұрғындармен кездесті.

Облыстың туристік орталығы саналатын Айыртау ауданында сенаторға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен Айыртау ауданының әкімі Дархан Әмрин жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Айыртаулықтармен тілдескен Ерік Сұлтанов ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін талқылап, сүтті мал шаруашылығын дамытудың ұтымды тұстарын айтты.

Есіл ауданына сапары барысында Ерік Хамзаұлы Горное ауылының тұрғындарымен кездесті. Кейін депутат Заградовка ауылында болып, “Заградовское” және “Прометей-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысымен танысты. Ерік Хамзаұлы тауарлы-сүт фермасы, минералды тыңайтқыштар өндіретін шағын зауыт, фельдшерлік-акушерлік пунктті аралап, Заградовка орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты. Ауылдағы демалыс орталығына да ат басын бұрған халық қалаулысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Есіл ауданында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Қала іргесіндегі Қызылжар ауданының тыныс-тіршілігі де сенатордың назарынан тыс қалмады. Соңғы жылдары аудан орталығында халық саны артып, қазақ тілінде білім беретін “Парасат” мектеп-лицейі үш ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр болды. Сол себепті өткен жылдан бері Бескөл ауылында 300 орынға арналған мектеп салынып жатыр.

Ал Аққайың ауданының Астра­ханка және Смирново ауылдары­ның тұрғындары кездесу бары­сын­да аталған елді мекендерге са­палы ауызсу тартылып, абат­тан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Былтыр Астра­ханка ауылдық округінің Қарато­мар ауылында сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеу барысында 6 баған, 2 сорғы, 3 өрт гидранты ор­натылды. Бүгінгі таңда үйлердің 80 пайызы су тарату желісіне қо­сылған. Ал биыл “Ауыл – ел бе­сігі” бағдарламасы бойынша “Ба­лапан” балабақшасына күрделі жөндеу жүргізіліп, терезелер, бөл­меаралық есіктер ауыстырылды, линолеум төселіпті.

Халық қалаулысы былтыр Пол­товка ауылында “Полтов­ское” жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі салған фельдшерлік-акушер­лік пунктке барды. 800-ден астам тұрғыны бар елді мекенде тозығы жеткен емдеу мекемесі жұмыс істепті. Көненің көзіндей болған пунктте қажетті қондырғылар тү­гіл, жеке бөлмелер де болмаған. Алайда, жергілікті кәсіпкердің қол­дауымен 12 млн. теңгеге фельд­шер­лік-акушерлік пункт салынып, ем-домға қажет жабдықтар сатып алыныпты.

– Кәсіпкерлер туған ауылына қамқор болса, ауылдың да түтіні тү­зу шығып, тұрғындардың тұр­мы­сы түзеледі. Ауылдың көше­леріне асфальт төселуде. Бола­шақта да осындай бастамалар жалғасын табатынына сенім­ді­мін, – деді Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов.

Жұмыс сапары барысында Мам­лют ауданында да бірқатар жұмыстардың жүйелі түрде атқа­рылып жатқанына көз жеткізген сенатор Новомихайловка ауы­лындағы су тарату құбырын қайта қалпына келтіру барысын жіті бақылауда ұстайтынын айтты.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика