ТОЙҒА ТОҚТАМ БОЛА МА?

“Карантин кезінде үйленіп алу керек, тойға шығындалмайсың”. Әзіл-шыны аралас бұл сөздерді соңғы кездері жиі естіп жүргеніміз анық. Алайда, іске келгенде бәрі басқаша. Ақылдаса келе: “Өмірде бір-ақ рет үйленеміз. Бұл – ең бақытты күніміз. Сондықтан шектеулерге қарамастан, той өткізуге тиіспіз”, – деген тоқтам жасалады. Әлемге төнген қауіп әлі де сейілмегені баршаға мәлім. Алайда, біздің елде қабылданған тыйымдар мен ескертулерді үйленген жастардың елейтін түрі жоқ. Мейрамханалар жабылып еді, тойшы қауым қазір жалға берілетін коттедждерге көшті. Осы мәселеге қатысты жастардың өздерінен пікір сұраған едік.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 37

Ана тілі – ардың өлшемі

Ауылда туып-өстік, еңбекке араластық. Ана тілімізден басқасына шорқақпыз. Заман сондай болды ма, әйтеуір, қазіргідей көп тіл меңгеру міндеті қойылған жоқ. Он баламның тоғызы қалада жоғары білім алып, отбасын құрып, үбірлі-шүбірлі болды. Қазір бәрі қалада тұрып жатыр. Ауылдың иісін, түтінін сағынып, үлкен шаңыраққа келгенде немесе өзім олардың амандығын білуге барғанда, немерелерімнің өзара қазақ тілінде сөйлесулерін қадағалап отырамын.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 41

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР

“Би – адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі...” – деген екен Аристотель. Бүгінде бұл өнерді жақсы меңгеріп, өңіріміздің, еліміздің намысын үлкен сахналарда абыроймен қорғап жүрген жас бишілер мен өнер ұжымдары жетерлік. Жастардың дені заманауи билерге әуес екені жасырын емес. Сол өнерлі өрендердің бірі – аз уақытта көрерменнің көзайымына айналып үлгерген петропавлдық Ренат Ысырайылов жайлы әңгіме қозғамақпыз.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 33

Балаларға пайдалы орталық

Атақты неміс экономисі Иозиф Шумпетер: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”, деген екен. Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға, әсіресе, жастардың ойлағанын жүзеге асырып, өз ісін ашуына мүмкіндік жасауға баса назар аударылуда. Осы мақсатта қолға алынған “Бастау Бизнес” жобасының аясында жыл сайын мыңдаған адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, арнайы грантқа ие болуда. Әсіресе, ауылдық жерде кәсібін дамытып, жергілікті тұрғындарға қажетті қызметтерді ұсынудың маңызы зор. Осындай міндетті қолға алып, ауыл балаларының қосымша білім алуына мүмкіндік тудырып отырған жастардың бірі – Батырлан Шәкішев.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 39

БОЛАШАҚ — САНАЛЫ ҰРПАҚТА

Бүгінде қоғамның алдында тұрған күрделі әрі басты міндеттердің бірі – саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтауға, өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруіне ықпал ету. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманына сай мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу, ел болашағын әлемге таныту да замандастарымыздың үлесінде.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 32

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика