АНАМЫЗДАЙ АЯЛАЙЫҚ

Жасыл желек жамылған табиғат аясында серуендеуді ұнатқанымызбен, қоршаған ортаға деген аялы көзқарастың ауылы әлі алыс секілді. Мұның себебін экологиялық тәлім-тәрбиенің кемшінінен іздеген жөн. Ауаның ластанбауы, адамның есен-саулығы, барымызды бағалай білу өз қолымызда. Атам қазақ бір тал кессең, он тал егуді айтып кеткен. Табиғатқа қамқорлық тақырыбында бірнеше маманның пікірін білген едік. Оқырман назарына соны ұсынып отырмыз.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 158

ҚАРАҚҰЙРЫҚ

Қазақстанның аумағы кең, табиғи жайылымда­ры мол болғанымен, көптеген түз тағылары толықтай жойылу қаупі төнуі себепті “Қызыл кітапқа” кіргізілген. Солардың бірі – қарақұйрық.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 165

ОРМАН — ЖЕРДІҢ ӨКПЕСІ

Табиғат байлықтарын көздің қарашығын­дай сақтау, қорғау ережелеріне қатысты насихаттық-ақпараттық шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өкінішке қарай, бұл талаптардың әр кез орындала бермейтінін мониторингтік талдаулар көрсетіп отыр. Жасыратыны жоқ, тұрғындардың көпшілігі орман өрттерінің туындау себебін, одан келетін материалдық шығындар мен экологиялық ауыр зардаптардың салдары жайлы біле бермейді. Осылайша, өрт қауіпсіздігінің ережелері қатаң сақталмауы салдарынан оқыс оқиғаларға жол беріліп жатады. Статистика көрсеткендей 10 орман өртінің 8-і адамдардың салғырттығынан тұтанады екен. Бір ғана шалыс қадам жайқала өскен ағаштармен қатар аң мен құсқа орасан залал келтіреді. Бәрінен бұрын қоршаған орта үшін орны оңайлықпен тола қоймайтын көл-көсір зиянын айтсаңшы. Топырақтың үстіңгі құнарлы қабатына айтарлықтай нұқсан келеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 153

АҢШЫЛЫҚ КУӘЛІГІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Газет оқырманының бұл сұрағы­на орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Олег БЕСПАЛОВ жауап береді:

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 145

САБАННАН ДАЙЫН ӨНІМ

Елімізге танымал “Радуга” кәсіпорнында жар­ты мыңға жуық өнім түрі шығарылады. Олардың арасында жүгері таяқшасы, тез дайындалатын кеспе секілді тамақ түрлеріне, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын пластик бұйымдарға, гигиена құралдарына сұраныс мол. Былтыр жануарлар майынан қатты сабын жасайтын цех іске қосылды. Жуырда антисептиктің алғашқы сынама үлгілері тұтынушыларға жөнелтілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 156

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика