- 25 Маусым 2020
ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАМАУ — САЛҒЫРТТЫҚ
Өңірдің балық шаруашылығы қоры өте ауқымды: оған 2389 су нысандары кіреді. Оның ішінде 2328 көл, 61 ірілі-ұсақты өзен бар. Облыс әкімінің шешімімен 491 су айдындары мен учаскелері балық өсіруге қолайлы, даму мүмкіндігі мол маңызды су көздеріне жатқызылды. Осыған орай 320 көл жеке кәсіпкерлерге жалға берілді. Резерв қорында 171 су айдыны бар. Олардың ішінде Ауыл шаруашылық министрінің бұйрығына сәйкес Есіл өзені халықаралық, Сілеті өзені республикалық мәртебеге ие.
- 25 Маусым 2020
ҚАУЫРТ КЕЗЕҢ
Өңірде жылына орта есеппен 600 мың текше метр ағаш дайындалса, оның 400 мың текше метрі отын ретінде пайдаланылады. Қалғаны өңделіп, құрылыс материалдары ретінде қолданылады. Осы себепті жаз маусымы – орманшылар үшін қауырт кезең, қарбалас шақ.

- 25 Маусым 2020
ҚОҚЫСҚА КӨМІЛГЕН АУЫЛ
Бұл мақаланы жазуымызға астаналық Қарлығаш Байбусинованың “WhattsApp” желіcі арқылы көпшілікке үндеуі себеп болды. Ол отбасымен Қызылжар ауданына қыдырып келіп, қоршаған ортаға байланысты жан ауыртатын келеңсіздіктерді көргеннен кейін пікірімен бөлісуді жөн көріпті.
- 19 Мамыр 2020
БРАКОНЬЕРЛЕР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Есіл ауданы ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшылары заңсыз аң аулаған екі адамды ұстады.
Учаскелік полиция инспекторлары Әсет Тоқтабаев пен Сергей Емельянов Александровка елді мекенінің маңында бейсауат жүрген көлікті байқап қалған. Машинада екі адам болған. Салонды тексеру кезінде көліктің артқы орындығынан аңшы мылтығы, жүк салғыштан маралдың еті табылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, ауыл тұрғыны мен петропавлдықтың заңсыз аңшылық құрғанын мойындауларына тура келген. Күдіктілерден оқ-дәрі тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- 19 Мамыр 2020
АУЫЛ МАҢЫ — КҮЛ-ҚОҚЫС
Бәйтерек – қала іргесіндегі елді мекендердің бірі. Көшелері асфальтталған. Жасыл желек жайқалып тұр. Сәулетті мектебіміз, фельдшерлік-акушерлік пунктіміз бар. Мұнда тұратын тұрғындар арасында шетелден ата-баба қонысына сағынышпен оралған ағайындардың қарасы қалың. Шетінен еңбекқор, ұйымшыл. Қол қусырып, қарап отырған отбасылар жоққа тән. Мал, құс, көкөніс өсіріп, пайдалы кәсіппен айналысады.