Жанашырлық жетіспейді

20 шілдеде бастау алып, 30 тамызға дейін жалғасатын “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өңір тұрғындарының бойында қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасы мен саялы жерлерде демалу мәдениетінің төмендігін тағы бір айғақтап берді. Бір мыңға жуық заң бұзушылықтың орын алуы сөзіміздің нақты дәлелі болса керек. Осы уақыт аралығында рейдтер жүйелі жүргізіліп, жазалау шараларын қолданудан гөрі адамдар жиі баратын өзен, көлдердің жағалаулары мен орманды алқаптар жіті тексерілді. Нәтижесі қандай дейсіз ғой? Қап-қап тамақ қалдықтары, түрлі қап-тамамайлықтар жинап алынды. Аяқ басқан сайын әр жерге қалай болса солай шашылып жатқан бөтелкелерден, полиэтилен пакеттерден көз сүрінді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 210

ҚОҚИҚАЗ

Қорғалжын – әлемде ең ірі қызыл қанат қоқиқаз – фламинго ұя салып, балапанын қанаттандыратын бірден-бір өңір. Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО-ның бүкілдүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 145

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Жуырда қара жауын нөсерлетіп өтіп еді, коммуналдық сала қызметкерлері әбігерге түсті де қалды. Жаңбырдың суы жолдарды, тротуарларды, аулаларды басып, жүріп-тұру бір қияметке айналды. Толарсақтан су кешіп жүруге тура келді. Қорғасын бұлт түйіліп келіп, селдеткен сайын осы жайт айна-қатесіз қайталанады. Мәселенің мәнісін білмек болып қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқанымда апаттық жағдайға тұрғындардың өздері кінәлі деген жауап алдым. Ондағы мамандардың сөздеріне қарағанда, жекеменшік сектор иелері үй, аула маңайларын ұқыпты ұстаудың орнына тұрмыстық қалдықтарды суағарларға тастауға еттері әбден үйреніп кеткен секілді. Айтылған сын-ескертпелерден қорытынды шығармақ түгіл, әлі күнге дейін осы жаман дағдыдан арыла алмай келеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 130

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚОР БОЛМАЙДЫ

Жаз маусымы – табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері үшін нағыз қарбаласқа толы шақ. Тәртіп сақшылары тиісті ведомстволар өкілдерімен, экологтармен бірге заңсыз аң, балық аулау, ағаш кесу фактілерін әшкерелеп, алдын алу жұмыстарымен айналысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 147

ЗИЯНЫ ШАШ ЕТЕКТЕН

Күнделікті тұрмыста пластикалық пакеттерді жиі пайдаланатынымыз жасырын емес. Оның адам ағзасына зияны шаш етектен екенін көпшіліктің бәрі біле бермейді. Бірреттік қолданыстан шығып қалғанның өзінде 100-150 жылға дейін бойындағы “улы заттарды” жоғалтпай, сақтап тұратын “қасиеті” бар.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 151

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика