Қыран құс не алмайды салса баптап

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес 1 шілдеде басталған аңшылық маусым 30 қарашаға дейін жалғасады. Өңір аумағындағы суда жүзетін жабайы құстарға әуесқой аңшылық жасауға рұқсат етіледі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 105

ТАҒЫ ДА БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ

Жақында Тайынша ауданында тосын жағдай орын алып, Шағалалы теңіз көлінде 1,5 тонна ба­лық қырылған болатын. Балықтың қырылу себебі ресми түрде жа­рияланбаса да, алдын ала болжам бойынша су ас­тындағы өсімдіктердің шіруінің салдарынан күкіртсу­тек концентраты пайда болып, ба­лықтардың улануына себеп болғаны айтылған. Бұрнағы күні Айыртау ауданындағы Кіші Қоскөл көлінің солтүстік-батысында 500 килограмнан астам мөңке сазаны жаппай қырылып, жағаға шығарылғаны жөнінде хабар тарады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 118

“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖАСАҒЫНЫҢ ЖӘРДЕМІ

“Жасыл ел” еңбек жасағының мүшелері табиғатты қорғауға сүбелі үлес қосуда.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 144

ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Экология саласындағы өзекті мәселелердің бірі – өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау, сұрыптау және қайта өңдеу. Әлемдік тәжірибеден мысал келтірсек, қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі өркениетті елдерде жақсы жолға қойылған. Мәселен, Германияда кез келген сусынның бағасына құтының құны қосылады. Оны кері өткізгенде ыдыстың ақшасы қайтарылады. Мұны қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты қалыптастырудың, экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің бір тиімді әдісі десе де болады. АҚШ-та қалдықтар пластикалық бөтелкелерге жиналып, үйлердің алдына қойылған контейнерлерге салынады. Ұлыбританияда тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптамаған жандар қомақты айыппұл төлейді. Жапонияда әр қалдықтың өзіне тиесілі түрлі түсті пакеттері қойылады. Финляндияда күл-қоқыс вакуумды құбырлар арқылы бірден қалдық заттарды өңдейтін зауыттарға жөнелтіледі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 176

ҚАТЫГЕЗДЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚАЖЕТ

Соңғы кездері үй жануарларын қатыгездікпен қорлаушылардың жауыздық іс-әрекеттері қоғамда үлкен наразылық тудырып, тиісті жерлерге қарата айтылған өтініш-тілектер заң нормаларын қайта қарап, барынша қатайту керек деген ортақ арнаға тоғысады. Шынында да, пайдасынан басқа зияны жоқ төрт аяқтыларға көрсеткен тағылық мінездер жаға ұстатады. Атыраулық тасжүрек иттің басын тоңазытқыштың есігіне қысып, адамның өңі түгіл түсіне де келмейтін қылмысқа барған. Алматы облысында жасөспірімдер итті қапқа салып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Жүректі селт еткізетін мұндай сұмдық жағдай Қызылжар ауданында да орын алған. Көршілері дабыл қақпағанда жабулы қазан күйінде қалып, жазадан құтылып кетер ме еді? Бескөл кентінің екі тұрғыны итті сойып, еті мен майын алмақшы болған. Олардың жауыздық пиғылы дер кезінде тәртіп сақшыларына хабарланған. Бір аңғарғаным, үй жануарларын еш шімірікпестен қорлаушылардың дені – балиғат жасына толмағандар. Олардың қолдары дірілдеместен мұндай әрекеттерге баруы қарадай түңілдіреді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 215

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика