- 15 Қыркүйек 2020
СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Су – жер бетіндегі тіршіліктің негізі болып табылатыны бәрімізге мәлім. Барлық өркениеттер өзендер мен теңіздердің жағалауларында пайда болған. Сондықтан су ресурстарын қорғау – баршамызға ортақ міндет, өйткені, бұл табиғатты ғана емес, сонымен бірге өмірдің өзін қорғау болып табылады.
- 15 Қыркүйек 2020
ҚОРШАЛМАҒАН УРАН ШАХТАЛАРЫ тұрғындар өміріне қауіп төндіруде
Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылына жақын маңда орналасқан Гречевский уран кенішінің жабылғанына 17 жылдан астам уақыт өтіпті. Өкінішке қарай, ол бүгінде қараусыз әрі ашық-шашық жатыр. Құрылысқа жарамды материалдардың басым бөлігі қолды болған. Кезінде ірі кәсіпорындардың бірі болған жерде қазір қаңыраған қабырға мен үйілген тастарды ғана көресіз. Жақында облыстық экология департаментінің басшысы Ерболат Омаров бастаған мамандар Айыртау ауданына арнайы барып, жергілікті билік өкілдерімен бірге жабылған уран кеніштерін аралап, қауіпті нысандардың қазіргі жағдайымен танысты. Сапарға облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысып, экологиялық қауіп төндіріп тұрған орындарды өз көздерімен көрді.
- 08 Қыркүйек 2020
Қолқаны қапқан көк түтін
Қоғамдық көліктерден шыққан көк түтін қоршаған ортаны ластап, тұрғындар газ иісінен зардап шегуде. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде осыған қатысты шағымдар көбейіп кеткен. Облыстық экология департаментінің мамандары тәртіп сақшыларымен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, көліктерден шығатын газдың деңгейін тексерді.

- 08 Қыркүйек 2020
Табиғатты қорғау — тәрбиеден
“Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды”, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту қажеттігіне ерекше тоқталды.

- 07 Қыркүйек 2020
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
“Жасыл ел” еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталуға жақын. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен өңір өрендерін жазғы демалыс уақытында жұмыспен қамтуға және олардың бойында табиғатты қорғау сезімін қалыптастыруға бағытталған жобаның пайдасы орасан.