- 29 Қыркүйек 2020
“Жасыл кеңсе"
Еліміздегі компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған "Жасыл кеңсе" конкурсы биыл республика аумағында екінші рет ұйымдастырылып отыр. "Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту" коалициясы мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен байқауға қатысуға ниет білдіргендер үшін тренинг өткізілді. Шара барысында өткен жылғы байқаудың қорытындылары мен "Жасыл кеңсені" іске асыру қағидалары, қатысу шарттары туралы айтылды.

- 29 Қыркүйек 2020
Гүл — сұлулықтың символы
Адам жанын жадыратып, көңілін көтеруде гүлден асқан сыйлық жоқ екенімен кез келген қыз-келіншек келісетін болар. Гүл жан-жағына жұпарын шашады, сұлулық, нәзіктік сыйлайды. Алайда, көңіл қуанышы тәрізді оған да оңайлықпен қол жеткізе алмайсың. Гүл өсіруге жан-тәнімен беріліп, бүкіл ықыласын соған аударатын жандар бар. Бүгін солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны Галина Васильева жайлы әңгіме қозғамақпыз.
- 22 Қыркүйек 2020
Орман жанашырлары
“World cleanup day” республикалық экологиялық шарасы өңірімізде де үлкен қолдау тапты. Еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған сенбілік аясында эковолонтерлер мен мемлекеттік қызметшілер Мещан орманын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.
- 21 Қыркүйек 2020
Тазалық үшін күрес
Еліміз әлемдегі басқа да мемлекеттер секілді қоршаған ортаның ластануына қатысты өткір мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Қоғам алдына қойылатын басты міндеттердің бірі – табиғатты қорғауға, экологиялық мәселелерді шешуге атсалысу. Осы бағытта, әсіресе, жастар аянбай еңбектенуі тиіс. Соның бір дәлелі ретінде “Волонтер жылы” аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған “Birgemiz: Taza Álem” жалпыұлттық жобасы қолға алынып, барлық өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету мақсатында қолға алынған жоба Солтүстік Қазақстан облысында да табысты жүргізілуде.
- 16 Қыркүйек 2020
“Өлі” көлдегі тіршілік
Айыртау ауданының аумағында орналасқан Саумалкөл көлінің суы таза болғанымен, өте тұзды. Соның салдарынан шығар, бұл су айдынында балық болмаған. Алайда, бірер күн бұрын аудан әкімі Дархан Әмірин жергілікті тұрғындар мен қонақтарға әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы сүйінші хабарды жеткізіп, “өлі” көлде ұзақ уақыттан кейін алғаш рет балық пайда болғанын жеткізді.