- 24 Ақпан 2021
СУ ҚОРЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ
Өңіріміздің метеорологтары құтқарушылармен бірге елді мекендер мен өзендердің қар жамылғысындағы су қорына зерттеу жүргізуде.

- 19 Ақпан 2021
ОРМАН – ЕЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ
Мәңгі жасыл қарағайлар, мың бұралған ақ қайыңдар, жайқалған биік теректер – бәрі-бәрі орман-тоғайлы өлкеміздің байлығы. Сондықтан осы құнды ресурсты сақтап, көбейтіп, тиімді пайдалануымыз қажет.

- 15 Ақпан 2021
Салпаң құлаққа пана
Халқымыз ежелден табиғаттың бір бөлшегі – итті жеті қазынаның бірі санайды. Тіпті, “Бөрінің тәңірі болса, иттің иесі бар”, “Итті тепкенің – ырысты тепкенің” деп, жыл атауына да енгізген. Алайда, иесі үшін төртаяқтының бәрі бірдей қадірлі емес. Бүгіндері иесіз қалып, көше қаңғыған бұралқы иттер көбейді. Сұғанақ салпаң құлақтарды ветеринар мамандар аулап, көзін жоюда. Ал кейбірін волонтерлер қамқорлығына алып, оларға жаңа пана тауып беруде. Осыдан үш жыл бұрын облыс орталығында ашылған "Белый Бим" панажайында бүгінде 400-ге жуық төртаяқты бар.

- 15 Ақпан 2021
Қоқиқаз
Қоқиқаз – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Қораздары мекиендерінен ірілеу. Бойының биіктігі – 91-120 сантиметрдей.

- 15 Ақпан 2021
ҚЫСТА ҚОЛДАН ҚОРЕКТЕНДІРЕДІ
Омбы қарда орғып ойнаған елікті көрген де арманда, көрмеген де арманда! Қандай ерке, неткен сұлу! Шаңырақ мүйіз маралдардың тәкаппар жүріс-тұрысы, тіпті, тамаша! Шалт қимылдасаң, жалт бұрылып тым-тырақай қаша жөнеледі. Түз тағысы болған соң үрікпей қайтсін?! Алайда, қолдарында шелегі бар қорықшыларға бауыр басқан сыңайлы. Жапа-тармағай келіп, арпаға бас салады. Осынау көріністі сырттай бақылаудың өзі адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсердей.