- 12 Шілде 2021
Тәртіпсіздік тыйылмай тұр
Солтүстікқазақстандық полицейлер үстіміздегі жылдың өткен 6 айында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтың 596 дерегін анықтады.
- 11 Шілде 2021
ЖАНАШЫР ЖАСТАР
Аптап ыстықта қызылжарлықтар өзен-көлдердің жағасынан сая іздейді. Бір өкінерлігі – айналасына қоқыс тастап, жағалауды жағаұстатарлық жағдайда қалдыратын адамдар бар. Сол себепті Петропавлдың ерікті жастары Пестрое көлінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
- 11 Маусым 2021
Қырдың қызғалдағы
Туған ауылым дөңде орналасқан. Еңіс жағын алқа деп атаймыз. Ерке Есіл ауылдан 3-4 шақырым жерде. Есімді білгелі көктемде тасымай қалған кезі жоқ. Бұған шөп бітік шығады деп үлкендер жағы қуанса, балықшылар ойдағы көлдерге балық толады деп алақандарына түкіріп отырады. Ал біз сияқты қара-домалақтардың шаттығы мүлдем басқа. Қарбасқан деп аталатын тоғайға апаратын жолдағы майсада гүлдер түкті кілемдей күрең қызыл болып бұрқырап шығатын. Сол гүлдерді біздің ауылдың адамдары қызғалдақ деп атайды. Әлі күнге солай. Мамырдың 20-на таман гүл шығып, 3-4 күннің ішінде солып қалады.

- 02 Мамыр 2021
Жайқала түс, жас көшет!
Петропавлды абаттандыру жобасы аясында қала көшелеріне көшет отырғызу жалғасып жатыр. Биыл шаһардың 35 көшесіне қарағай, шырша, жөке мен алма және терек отырғызылмақ. Жалпы 1300 түп көшет егу жоспарланған. Сондай-ақ, көше бойына ұсақ тал да отырғызылуда. Оның жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асады. Бұл бастаманың мақсаты – жаяу жүргіншілерді шаң мен жауынды күндері балшықтан қорғау әрі көшенің көркін ашу.

- 18 Сәуір 2021
Сәуір – салқын, мамыр – жауынды
Биыл табиғат тосын мінез танытып, қызылжарлықтарды біраз әбігерге салатын түрі бар. Сәуір айында ауаның орташа температурасы 4-6 градус жылылықты көрсетеді. Жалпы, соңғы жылдары климат құбылып тұр. Мысалға, ең жылы қыс ретінде тіркелген 2019-2020 жылдың қысында ауаның орташа температурасы нормадағыдан 5-7 градусқа жоғары болды. Сәйкесінше, циклон мен антициклондардың ықпалынан желдің екпіні күшейе түсті.