- 04 Қыркүйек 2021
Арктика әсері
Еріктілердің “Жасыл Арктика” атты халықаралық экологиялық экспедициясы биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Қиындығы мен қызығы қатар өрілген саяхатқа екінші рет бардым. Алғаш рет, дәлірек айтқанда, 2019 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқып жүргенде шақырту алдым. Ресейден, Қазақстаннан, Молдовадан, Израильден тағы басқа елдерден еріктілер қатысып, 200 тоннаға жуық темір қалдықтары, 500-ден астам ескі бөлшектер жиналып, 20 құрылыс нысаны бұзылды. Жаз болғанына қарамастан үнемі ызғарлы жел соғып тұрды. Қасымызда ақ аюлар жүрді. Сол сапардан керемет әсер алып оралдым.

- 23 Тамыз 2021
Көл жағасындағы қоқыс
Өңірде “Экологиялық барлау” жобасы бастау алды. Акция аясында облыс орталығында арнайы сенбіліктер ұйымдастырылып, оған қатысушылар жақын маңдағы су қоймаларының жағасында шашылған қоқысты жинайды.
- 13 Тамыз 2021
ЖАНУАРҒА ЖАНАШЫРЛЫҚ ҚАЖЕТ
Облыс орталығында күннен-күнге қаңғыбас ит-мысықтардың саны артып келеді. Бұған қаладағы жер үйлердің сүріліп, олардың орнына көпқабатты баспаналардың тұрғызылуы да себеп болуда. Жаңа пәтерлеріне жануар кіргізуге құлықсыз тұрғындар иттерін қаңғыртып жіберуге мәжбүр.
- 02 Тамыз 2021
Тұрғындар кінәлі
Ғарыштық мониторинг Петропавлда 63 қоқыс орынын анықтады. Оның 46-сы жойылуы керек. Заңсыз пайда болған орындар Жұмысшы кентінде, Былғары зауыты шағынауданында, Пушкин мен Жуков көшелері аумағында орналасқан.
- 31 Шілде 2021
Орман — ортақ байлық
“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан тұрғындарына қажетті мөлшерде отын дайындауды талапқа сай жүзеге асырып келеді. Бүгінде 10 ағаш дайындаушылар бригадасы жұмысқа белсене кірісіп, белгіленген тапсырманың жартысына жуығы орындалды.