АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ АШЫҚ

Қазақстанда қарашаның 1-нен бастап   қысқы аң аулау маусымы басталды. Аңшыларға енді түлкі, қарсақ, қоян, сасық күзенді аулауға рұқсат беріледі.   Аңшылық 2022 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.  Оларға суда жүзетін құстарды атуға тыйым салынды.

Мамандар   аң аулау ережелерін бұзғандардың жауапқа тартылатынын ескертеді. Айыппұлдың ең төменгі мөлшері  бес айлық есептік көрсеткішті  құрайды. Тұяқты жануарларды атқандарға қатаң жаза қолданылады, мемлекетке 100 айлық есептік көрсеткіштен астам шығын келтірілген жағдайда іс әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық іске ауысады.

- Тұяқты яғни елік сияқты жануарларды заңсыз аулаған жағдайда заң бұзушы 1 миллион теңгеден аса айыппұл төлеуі мүмкін. Мұнымен қоса, қаскөйге қылмыстық қудалау аясында үш жылға бас бостандығын шектеу шарасы қолданылады, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов. 

Жалпы, аңшылық жанға рахат сыйлайтын әуестік  болғанымен, кейбір адамдар  қолына қару тисе ермек үшін көзіне түскенді қынадай қырып, обал-сауаптан жұрдай болады. Тәртіпке бағынғысы келмейтін браконьерлердің  қоршаған ортаға, жануарлар әлеміне орасан шығын әкелетінін ұмытпаған жөн. 

Сағындық МАУҒАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика