ОРМАН ЖАНАШЫРЛАРЫ

“Достық” балалар сауықтыру лагерiнiң аумағында орман жанашырларының облыстық слет-байқауы өтті.

“Слетті өткізудегі мақсат – мек­теп оқушыларының табиғатты қорғау және орман шаруашылығы бойынша сауатын жетiлдiру, арнайы бiлiмi мен тәжірибелік дағдылары бар оқушыларды анық­тау және көтермелеу, кәсiптiк бағдар беру”, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Василий Лабанчук.

Слет-байқауға қатысқан балалар үш негiзгi бағдарлама бойынша сынға түсті. Төтенше жағдай қызметінің өрт сөндiру құралдарын қолдана отырып, балалар арасында эстафета өткiзілдi. Сондай-ақ қатысушыларға өңiр құтқарушылары қолданатын арнайы техника мен жабдықтар көрсетiлдi. Кейін әр команда орман қорғаудағы өз жұмыстарын таныстырып, ұйымдастырушылардың биология, зоология және таксация бойынша сұрақтарына жауап берді.

“Стендтiк таныстырылым” байқауына оқушылар алдын ала дайындалып келді. Қазылар алқасының назарына ұсынылған қолдан жасалған бұйымдар, суреттер, үнпарақтар, туған өлкенiң сұлулығын паш етеді.

Командалық есепте Тайынша ауданындағы Чкалов орта мектебiнің “Экос” экологиялық клубының атынан келген “Бумеранг” командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Қызылжар ауданы Боголюбов орта мектебiнiң “Орман қорғаушылары” командасы жеңіп алса, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев екінші орта мек­тебiнiң “Ёлки-иголки” командасы үшінші орыннан көрінді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика