Орман — ортақ байлық

“Қызылжар орман шаруа­шылығы” коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесі аудан тұр­ғындарына қажетті мөлшер­де отын дайындауды талапқа сай жүзеге асырып келеді. Бү­гінде 10 ағаш дайындаушы­лар бригадасы жұмысқа белсене кірісіп, белгіленген тапсыр­маның жартысына жуығы орындалды.

Мекеменің барлық учаскелерін қосып есептегенде 7 мың гектарға жуық орман алқабы бар. Орман­шылардың міндеттеріне орманды қорғау, молайту және орман алқа­бын жұртшылық мұқтажда­рына бөлу кіреді. Отын жинау мамыр айынан басталып, қазан айына дейін толастамайды. Қазіргі уа­қыт­та дайындау орындарына 3 мың­ға жуық ағаш, яғни 400 текше метр жіберілді. Бұл орайда, ірік­теп кесуге, санитарлық талаптар­ды қатаң сақтауға баса назар ау­дарылған.

Ағаш өңдеумен айналысатын ұйымдардың бірі – “Омаров” жеке кәсіпкерлігі. Дархан Омаров же­текшілік ететін жеке кәсіпкерлік отын дайындаумен көптен бері айналысып, Чапаев, Трудовая Нива, Новокаменка елді мекен­дерін қамтамасыз етеді. Отынның бағасы қолжетімді. Бір текше метрі 8 мың теңге тұрады.

Отынға негізінен қайың пай­даланылып, оталған алаңдар та­биғи түрде қалпына келтіріледі. Орманды молайту бойынша іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, түсіндіру жұмыстары бір толас­таған емес.

Серік МҰҚАНОВ,

“Қызылжар” орман шаруашылығы” КММ-нің шебері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика