Тәртіпсіздік тыйылмай тұр

Солтүстікқазақстандық полицейлер үстіміздегі жылдың өткен 6 айында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтың 596 дерегін анықтады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары тиісті органдармен бірлесіп заңсыз аң аулаудың 354 фактісін тіркеген. Көбіне аңшылардың рұқсат қағаздары мен мылтықтарының құжаты болмаған. Сондай-ақ қаруды оқталған және бөлшектенбеген күйі тасымалдау, мас күйінде қансонарға шығып кету сияқты ереже бұзғандар көп. Балықшылар да су бөгеттері мен көпірлердің маңында қармақ салып, заңды белшесінен басқан. Сонымен қатар өткен жарты жылда рұқсат етілмеген моножіптен тоқылған 650 метр ау тәркіленді.

– Жылдың басында Аққайың ауданында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды. Осы ауданның 36 жастағы тұрғыны “ЗИЛ” жүк көлігімен қайың ағашын рұқсат қағазынсыз тасымалдап жүргенде ұсталды. Осы іске қатысты материалды жинау барысында оның сыбайласы да қолға түсті. 44 жастағы азамат заңсыз ағаш кесумен айналысқан, – дейді облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика