Жайқала түс, жас көшет!

Петропавлды абаттандыру жобасы аясында қала көшелеріне көшет отырғызу жалғасып жатыр. Биыл шаһардың 35 көшесіне қарағай, шырша, жөке мен алма және терек отырғызылмақ. Жалпы 1300 түп көшет егу жоспарланған. Сондай-ақ, көше бойына ұсақ тал да отырғызылуда. Оның жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асады. Бұл бастаманың мақсаты – жаяу жүргіншілерді шаң мен жауынды күндері балшықтан қорғау әрі көшенің көркін ашу.

Былтыр да осынша көлемде жұмыс атқарылған болатын. Нақтырақ айтсақ, 1221 түп ағаш, 15 мың метрге таяу тал егілген. Былтыр Шоқан Уәлиханов көшесінің бойына бойшаң қарағайларды арнайы техникамен әкеліп отырғызған еді. Өйткені, жас көшеттердің біразы жерсіне алмай немесе суыққа шыдамай қурап қалатын. Сондықтан, діңі берік ағаштарды еккен дұрыс. Өткен жылғы осы тәсілмен отырғызыл­ған 103 қарағайдың бәрі де жерсініп, қазір жайқалып тұр. Бұл жұмыс биыл да жалғасын таппақ.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика