Қарақал

Қарақал – шөлейтті, шөлді ай­мақтарды мекендейтін мысық тұқымдас жыртқыш аң. Сырт тұлғасы сілеусінге ұқсас бұл аңды “қа­рақұлақ” деп те атайды. 

Оның дене тұрқының ұзындығы – 65-80 см., құйрығының ұзындығы – 25-30 см. Ал салмағы – 8-17 килограмм. Түн­де белсенді тіршілік етіп, шөлді жерлердегі құм қояндарымен, ұсақ кемірушілермен, қосаяқтармен, саршұнақтармен, бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді. Өздері ін қазғаннан гөрі жайран­ның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалануға әуес. Қарақал елімізде тек Маңғыстау өңірінде ғана кездеседі. Саны аз және таралу аумағы шағын аймақ­тарды қамтитын болғандықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) енген. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика