МҰЗДАЙ СУДА – «МОРЖДАР»

Петропавлда негізінен 23-тен 60 жасқа дейінгі адамдар қысқы суға шомылумен айналысады. Арасында бұрымдылар да аз емес. Тіпті, “морждардың” қатарында 7 жастағы балалар мен 70 жастан асқан қариялар да бар. Яғни, бәрі де – саламатты өмір салтын ұстаймын деп мұздай судан тайсалмаған батыл жандар. Олардың ойынша, салқын су адамға сергектік сыйлап, бойына қуат береді. Ерік Мағамбетовтың айтуынша, қыста өзен үкісіне суға түсем деушілер үшін арнайы курстар ашылған. Онда білікті морждар теорияны да, тәжірибені де үйретеді.

– Суық суға шомылған кезде ешқандай рекорд жасаудың қажеті жоқ. Өйткені, біз алғаш бастаған кезде суда кімнің ұзақ отыратынын анықтау үшін сайыстар ұйымдастырған едік. Біреу мұздай суда – бес минут, енді бірі он минут отырды. Олардың көпшілігі әйелдер болды. Қазір бұлай жарысудың пайдасыз екенін түсіндік. Егер мақсат саламатты өмір салты болса, тез шомылып шығу жеткілікті. Судан шыққан мезетте бірден сүртініп, міндетті түрде жылы етік киіп, өзіңе күтім жасау қажет, – дейді Ерік Мағамбетов.
Өзен басындағы тағы бір ма­ңызды ереже – алкогольді ішімдік ішпеу. Сонымен қатар созылмалы ауруға шалдыққандарға суық суға шомылуға болмайды. Ал егер науқас жуық арада инсульт немесе инфаркт алса, белгілі бір уақыттың өткенін күткені абзал. Суға түсер алдында жаттығулар жасап, бұлшық етті қыздыруды да ұмытпаған жөн.
– Бес жыл бойы маған суық тиген емес. Өкінішке қарай, жақында мен коронавируспен ауырдым. Алайда, менің ойымша, емделу кезінде қысқы жүзудің пайдасы тиді. Өйткені, індет жеңіл өтіп, тез сауығып кеттім, – дейді Ерік Мағамбетов.
Петропавлдық “морждар” әр­бір демалыс күндері таңғы сағат 11-лерге таман Есіл өзеніндегі қа­лалық жағажайға жиналады. Барлық санитарлық тапаптар сақталады.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика