Қоршаған орта — ұдайы назарда

Қоршаған ортаны ластамай, табиғи байлық­тарымызды көздің қарашығындай қорғауға әрбір жан атсалысуы керек. Бұл мәселе облыстық экология департаментінің ұдайы назарында. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 36 тексеріс жүргізсе, соның 29-ы – алдын алу, 7-еуі жоспардан тыс бақылау болды. Бұдан бөлек, өңірдің табиғат пайдаланушыларына экологиялық заңнаманы бұзуды жою туралы 143 ұйғарым берілді. Оның 120-сы орындалса, қалғаны бойынша орындау мерзімі аяқталған жоқ. Анықталған заң бұзушылық­тар­ға қа­тысты жалпы сомасы 3 млн. 600 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінге дейін оның 3 млн. 160 мың теңгесі өндіріліп алынды.

Биыл департамент қызметкерлері қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындарының бар екенін растау үшін аудандарға 611 рет барды. Нәтижесінде бұл тізімді ау­ма­ғында 223 рұқсат етілмеген қоқыс орны бар Қызылжар ауданы бас­та­йтынын анықтады. Департа­мент мамандары жергілікті атқа­ру­шы ор­гандармен бірлесіп, мұндай лас орындардың 560-ын жойды.
Толқын ЖҮНІСОВА,
облыстық экология департаментінің бас маманы. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика