Қарағайды заңсыз кескен
- Жаңартылды 07 Желтоқсан 2020
- Қаралды: 92
Петропавл әуежайына апаратын жол бойындағы орманда ағаштардың заңсыз кесілгені анықталды.
Өңір тұрғыны Дмитрий Муравьев әлеуметтік желідегі парақшасында қылқан жапырақты орманда ағаштар кесілген жерден фотосуреттер жариялаған. Бұл желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырап, жағымсыз пікірлер тудырды. Бұған "Қызылжар" орман шаруашылығы қызметкерлері жауап беріп, кесу ағаштардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілгенін, оған рұқсат етілгенін жеткізді. Ал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары құрғақ ағаштармен бірге 16 қарағайдың заңсыз кесілгенін анықтады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, келтірілген шығын мөлшері 254853 теңгені құрады. Нәтижесінде қарағайларды заңсыз кескен Қызылжар ауданындағы Белое ауылының тұрғынына қатысты іс жиналып, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Мұхтар ХАҚНАЗАР.