Қоршаған ортаға зиян

Коронавирус пандемиясы адамзатқа ғана емес, қоршаған ортаға да теріс әсер етуде.

Карантин кезінде ауа тазарып, табиғат жаңара түсті деп қуанғанымызбен, мамандар бұл індеттің қоршаған ортаға тигізер зияны орасан екенін ай­туда. Әлемдегі жағдайға шолу жасасақ, қазір адам­дар күніне бір бірнеше маска, резеңке қол­ғап­тар, пластик құтыларға құйылған антисептик­тер және басқа да қайта өңделмейтін заттарды қолдануда. Пайдаланылып, жарамсыз болғаннан кейін кейбір тұрғындар оларды қоқысқа емес, кез келген жерге тастап кетеді. Резеңке, пластик зат­тар­дың жүздеген жылдар бойы ыдырамайтынын ескерсек, олардың топыраққа тигізер зияны ора­сан. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, панде­мия салдарынан қоқыс жәшіктерінде үйге жеткі­зіл­ген азық-түліктер мен ыстық тағамдардың қап­тамалары артқан. Мәселен, 8 ай карантинде Син­гапурде 5,7 млн. адам қоқысқа 1470 тонна пластик төккен. Сондықтан экологтар бұл мәселеге үстір­тін қарамай, пластик заттарды арнайы жәшіктерге салуға шақырады.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.   

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика