Біздің ортақ міндетіміз

Қоршаған ортаны лас­та­нудан қорғап, экологиялық ах­уалды жақсарту үшін, ең ал­дымен, жергілікті тұрғын­дар­дың бойында экология­лық мәдениетті қалыптас­тыру аса маңызды. Яғни, әр­түрлі шаралар мен акциялар ұйымдастыра отырып, аза­маттарды қоршаған орта­ны қоқыстан, басқа да зат­тар­дан тазарту жұмыста­рына жұмылдыру керек. Осы мақ­сат­қа жетуде өңірімізде ұйым­дастырылған эколо­гия­­лық сенбіліктер көп сеп­тігін тигізді.

Биылғы "Еріктілер жылы" ая­сында онға жуық Жалпы таза­лық шараларының барысында біз қо­қыстарды екі топқа бөліп, жи­­надық. Пластик, шыны, ме­талл, макулатура сияқты заттар­ды қай­та өңдеуге сақтасақ, та­мақ­тың қалдығы мен бірреттік ыдыстар­ды, киімдерді лақтыра­мыз. Өйт­ке­ні, мұндай заттарды қайта өң­деу ісі өңірімізде қолға алынба­ған. Экологиялық сен­бі­лік ұйым­дастырдық. Мамыр айын­да өт­кен алғашқы шарада жастар Пес­трое көлінің маңын қо­қыстан та­зартуға жұмылды. Отыздан ас­там ерікті қатысқан сенбілікте 42 қап қоқыс жиналса, соның 27-сін "Радуга" жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігіне қай­та өңдеуге жібердік.
Қыркүйек айында өткен “Wo­rld cleanup day” республикалық экологиялық шарасы да өңірі­міз­де үлкен қолдау тапты. Елі­міздің барлық өңірінде ұйымдас­тырыл­ған сенбілік аясында мем­лекет­тік қызметшілермен бірле­сіп, Ме­щан орманынан 918 ки­лограмм қо­қыс жинадық. Шыны бөтелке­лер, пластик, резеңке, қа­ғаз бен металл сынықтары, жал­пы 29 қап қоқыс өңдеуге жөнелтілді.
Ауа райының қолайсыздығы­на қарамастан, қазан айында да бірнеше тазалық шарасын ұйым­­дастырдық. Есіл өзенінің жаға­сын тазарту аясында 20 қап қо­қыс жиналса, 13-і "Радуга" се­рік­тес­тігіне қайта өңдеу үшін жі­бе­рілді.
Жалпы, еріктілік дегенді біз қо­ғамға өз еркімен пайдасын ти­гі­зуді көздейтін, риясыз жақсы­лық жасауға ниетті адамдар то­бы деп білеміз. Сондықтан эко­логиялық ерікті ретінде қорша­ған ортаны ластанудан қорғап, өңі­ріміздегі экологиялық ахуал­ды жақсар­туға үлес қосайық!

 

Азат ЖҰМАҒҰЛ,
“Радуга" ЖШС-нің менеджері.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика