Қоқыспен күрес жалғасуда

Үстіміздегі жылдың басынан бері экологтар жергілікті табиғат пайдаланушыларға қатысты 14 тексеріс жүргізіп, 61 заң бұзушылықты анықтады. Бұл жайлы облыстық экология департаментінің басшысы Ерболат Омаров мемлекеттік мекеменің 9 айда атқарған жұмысын қорытындылаған баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Анықталған заң бұзушылық­тар­ға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңге әкімшілік айыппұл са­лынды. 1,8 млн. теңгені құрайтын 9 айыппұлды заң бұзушылар өз ер­кімен өтеген. "Департамент ма­ман­дары жергілікті полиция қыз­метімен, мамандандырылған та­биғатты қорғау прокуратурасы­мен бірлесіп, 2020-2021 жылдарға арналған жер қойнауын заңсыз пай­даланудың жолын кесуге ба­ғытталған іс-шаралар жоспарын әзір­леді. Оны жүзеге асыру ая­сын­да өңір аумағындағы кең та­ралған пайдалы қазбаларды заң­сыз өндіруге қатысты 9 факті анық­­талды. Әкімшілік құқық бұзу­шылықтар туралы заңға сәйкес 3,9 млн. теңге айыппұл салынды", – деген де­партамент басшысы рұқ­­сат етіл­меген қоқыс орындары мәсе­лесіне де тоқталды. "Қазақ­стан Ға­рыш сапары" ұлттық ком­па­ния­сы" акционерлік қоғамының мәліметі бойынша облыста мұн­дай 684 орын бар екен. Бұл тізімді ау­ма­ғында 290 рұқсат етілмеген қоқыс орны бар Қызылжар ауданы бас­та­са, одан кейін Петропавл қа­ла­­сы, Аққайың, Тайынша, Мам­лют аудандары келеді. Департа­мент мамандары жергілікті атқа­ру­шы органдармен бірлесіп, жыл ба­сы­нан бері мұндай қалдықтар­дың 500-ден астамын жойды. Ве­дом­ство басшысы аталған бағыт­тағы жұмыстар жыл соңына дейін де жалғасатынын жеткізді.

Тұрғындардың арыз-шағымы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу департамент жұмысының не­гізгі бағытына айналды. Эко­лог­тар тәртіп сақшыларымен бірле­сіп жедел алдын алу шараларына да қатысады. Осындай шаралар­дың барысында дизельмен жұ­мыс істейтін жиырмадан астам кө­лік тексерілді. Сонымен қатар то­ғыз жүк көлігі мен бағыттық авто­бус­тарда пайдаланылған газдың уыт­тылық деңгейі нормадан асқа­ны белгілі болды.

Есептік кезеңде облыстық эко­логия департаментінің маманда­ры өңір тұрғындарына І санатты ны­сандар үшін мемлекеттік эко­ло­гиялық сараптаманың қоры­тын­дыларын және І санатты ны­сан­дар үшін қоршаған ортаға эмис­сияларға рұқсат беруге қа­тысты 107 мемлекеттік қызмет көр­сетті. Қызметтерді оңтайландыру мақ­са­тын­да "бір өтініш" қағидасы енгі­зілген. Ерболат Омаровтың ай­туынша, мамандар 14 адамның қыз­мет көрсету туралы өтінішін қа­былдамады. "Бас тартудың бас­ты себебі ұсынылған материал­дар­дың қоршаған ортаны қорғау та­лаптарына сәйкес келмеуі бо­лып отыр. Мәселен, бір жағдайда ны­санның санаты дұрыс анықтал­май, жобалау кезеңі де сақтал­ма­ған. Оның үстіне, ұсынылуы тиіс құ­жаттар да толық емес. Яғни, қыз­метті алуға өтініш білдірген аза­мат қоғамдық тыңдауларды өткізу жө­ніндегі хаттаманы, нысанды жал­­ға алудың келісімшартын ұсын­ба­ған", – деген Ерболат Ома­ров жыл басынан бері мемле­кет­тік қызмет көрсетуге қатысты арыз-шағым­дар түспегенін жеткізді.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика