ОРМАН ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ

Орманның адам үшін маңызы зор екені талассыз. Қарапайым ғана мысал келтірсек, орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады, аң-құстарға мекен, дәрілік өсімдіктерге пана болып, ауаны тазартады.

Орманды қорғау, онда жүріп-тұру ережелерi Орман кодексiнде және табиғат қорғауға қатысты бас­­­қа да заңнамалық актiлерде бел­гіленген. Заңға сәйкес адам­дар орманға еркiн және тегiн не­гіз­де баруға, демалуға, сондай-ақ, өз қажеттiлiктерi үшiн жабайы же­мiстер, саңырауқұлақтар және бас­қа да азық-түлiк ресурстарын жи­науға құқылы. Тек "Қызыл кi­тап­қа" енгiзiлгендеріне тиіспесе болғаны.

Әдетте, жазда табиғат аясын­да демалушылар саны артады, со­ған сай мемлекеттiк орман кү­зетiнің жұмысы да еселенеді. Ха­лықтың сүйiктi демалыс орында­рын ластанудан сақтап, таза ұс­тау мамандардың жіті қадаға­ла­уына алынған. Бекітілген аумақ­тарда тұрақты түрде ұйымдасты­рылатын рейдтік шаралар заң бұ­зушыларға қарсы күресте тиімділігін көрсетуде. Жыл сайын мемлекеттік орман шаруашы­лық­тары осы мақсатта экологиялық ак­циялар, сенбіліктер мен мем­ле­кеттік орман қорын абаттанды­руға қатысты басқа да іс-шаралар ұйымдастырады.

Биылғы жылдың басынан бері жергілікті орман шаруашылық­та­ры ауыл шаруашылығы тауарла­рын өндірушілер үшін 742 нұсқа­ма әзірледі, қоршаған ортаны қор­ғау тақырыбы бойынша үш мың­нан астам жадынама таратылды. Еліміздің келешегі жарқын болуы үшін тәрбие жұмыстарының кез келген түрін өскелең ұрпақтан бас­тау маңызды екені үнемі айтылу­да. Сондықтан табиғатты қорғау­дың мән-маңызын түсінетін жас­тар­ды тәрбиелеу мақсатында бі­лім беру мекемелерінде 465-тен астам әңгімелесу, түсіндіру шара­лары өтті. Мемлекеттік орман қо­ры­ның аумағында қоқыс төгуге, от қойып, өсімдіктер мен жануар­лар дүниесіне қандай да бір за­рар келтірмеу керектігі ескертіл­ген жазбалар орнатылды.

Қоршаған ортаның ластан­уы­на әсер ететін жағдайлар жетер­лік. Ағаштарды заңсыз кесуден, ор­ман өрттері мен рұқсат етілме­ген қоқыс орындарының салда­ры­нан болатын зарарды қалпына кел­тіру кей жағдайда мүмкін бол­май жатады. Мұндайда жауап­кер­­шілік мемлекеттік орман ша­руа­шылығының иелеріне артыла­ды. Жаз мезгілінде мемлекеттік ор­ман күзетшілеріне облыс орта­лы­ғындағы Мещан орманы, "Во­ро­ний остров" демалыс базасы, Есіл өзені мен Пестрое көлінің жа­ғасын бірнеше рет қоқыстан та­зар­туға тура келді. Осылайша, ор­маншылар өздерінің негізгі мін­дет­терінен сәл ауытқып, уақы­тын демалушылардан қалған қал­дықтарды жинастыруға жұм­сайды.

Үстіміздегі жылдың сегіз айын­да алдын алу және тексеру ша­ра­ларының нәтижесінде табиғат қор­ғау заңнамасын бұзуға қатыс­ты 180 факті анықталды. Бесеуі – ағаштарды заңсыз кесуге, 32-сі – орман шаруашылықтары белгі­ле­ріне зақым келтіруге, 73 жағдай өрт қауіпсіздігін және санитарлық талаптарды сақтамауға қатысты. Сонымен қатар белгіленген жал­пы тәртіпті және кесілген ағаштар қорын пайдалану тәртібін бұзу­дың – 14, аң аулауға қойылатын талаптарды сақтамаудың – 21, ба­лық аулауға қатысты 7 және шөп шабу ережелеріне бағынбауға қа­тысты он факті тіркелді. Мемле­кет­тік орман күзеті аталған факті­лерге қатысты 1747 мың теңге айыппұл салса, соның 97 пайызы өндірілді. Орман шаруашылы­ғы­на келтірілген 912 мың теңге шы­ғынның 763,4 мың теңгесінің орны толтырылды.

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА,

облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика