“Жасыл кеңсе"

Еліміздегі компаниялардың эко­логиялық саясатын қалып­тас­ты­ру­ға және кеңселердің ре­сурс­тарын үнемдеуге ба­ғыт­талған "Жа­сыл кең­се" кон­курсы биыл респуб­лика ау­ма­ғында екінші рет ұйым­дас­­ты­рылып отыр. "Жасыл эконо­ми­ка­ны қолдау және G-Global-ды да­мы­ту" коалициясы мен Эко­ло­гия, геоло­гия және табиғи ре­сурс­тар ми­нистр­лігінің, Еуро­падағы қа­уіп­сіздік және ынты­мақ­тастық ұйы­мы­ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағ­дар­ла­малар кеңсесінің қолда­уы­мен байқауға қатысуға ниет біл­дір­гендер үшін тренинг өткізілді. Ша­ра барысында өткен жылғы бай­қау­дың қорытындылары мен "Жа­сыл кеңсені" іске асыру қағидала­ры, қатысу шарт­тары туралы ай­тыл­ды.

Байқауға мемлекеттік орган­дардың, білім беру, денсаулық сақ­тау, сауда құрылымдарының, өнер­кәсіптің, халықаралық және үкіметтік емес, тағы басқа ұйым­дардың өкілдері он аталым бойын­ша қатыса алады. Тренинг бары­сын­да "Жасыл экономиканы қол­дау коалициясының" атқарушы ди­ректоры Асхат Сүлейменов был­тыр солтүстікқазақстандықтар аталған жобаға қызығушылық та­нытқанын атап өтті.

– Өткен жылы конкурсқа қа­ты­суға еліміздің түкпір-түкпірінен жет­піске жуық өтініш келіп түсті. Үздік деп танылған отыз жұмыстың ав­то­рын жеңімпаз ретінде таңдадық. Соның ішінде Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық-гуманитарлық колледж, "СевКазЭнерго" акционерлік қоғамы және электр тарату ұйымын атап өтуге болады, – деген Асхат Сүлейменов үздік бас­тамалар мен жұмыстарды мы­салға келтірді. – Қазіргі таңда елі­мізде табиғи ресурстарды сақтап, экологиялық саясатты қалып­тас­ты­ру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл байқау кәсіп­орындар мен ұйымдардың осы бас­тамаға атсалысуына ықпал етуді көздейді. Мысалы, Ақмола облы­сындағы ауылдардың бірінде ор­на­ласқан мектепте суға арналған сенсорлық экран орнатылды. Сол арқылы күніне 300 литр суға дейін үнемдеуге мүмкіндік туды. Әр кең­се бұл бастаманы қолдап қолға ала­тын болса, табиғи ресурстар­ды үнемдеп, қоршаған ортаны қор­ғауға да септігін тигізер еді.

"Жасыл кеңсе" әлеуметтік жо­ба­сы ресурстарды үнемдейтін, түр­лі қалдықтарды қайта өндеуге, бұл үшін экологиялық жауапты компа­ниялар қоғамдастығын қалыптас­ты­руға ықпал етеді. Байқауға өзі­нің жұмыс орнында кез келген эко­логиялық технологияны қолдана­тын мекеме қатыса алады. Биыл конкурсқа қатысуға Солтүстік Қа­зақстан облысынан әзірге екі кә­сіпорын ниет білдірген. Ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, бұл жарнаманың аздығынан. Рес­пуб­ликалық байқаудың қорытындысы қазан айында шығады. Жеңім­паз­дар арнайы жасыл кеңсе белгіле­рі­мен марапатталады.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика