Орман жанашырлары

“World cleanup day” республикалық экологиялық шарасы өңірімізде де үлкен қолдау тапты. Еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған сенбілік аясында эковолонтерлер мен мемлекеттік қызметшілер Мещан орманын қоқыстан тазарту жұмыстарына атса­лысты.

Петропавлдың солтүстік жақ шетінде орналасқан Мещан орманы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Жаздың жайма-шуақ күндерінде облыс орталығының тұрғындары мұнда отбасылық серуенге жиі шығып, спортпен шұғылданады, суретке түседі. Алайда, кейбірі демалыстан ке­йін бөтелке, полиэтилен қораптарын, қоқыстарын тастап кетіп жататындықтан, қоршаған ортаға, өңіріміздің экологиясына айтарлықтай залал келуде. Сондықтан экологиялық волонтерлер мен мемлекеттік қызметшілер “World cleanup day” аясындағы сенбілікке белсенді атсалысып, табиғат аясын қоқыстан арылтуға қолғабыс етті.

Облыстық экология департаменті мамандарының айтуынша, шараға қатысушылар Мещан орманынан 918 килограмм қоқыс жинады. Шыны бөтелкелер, пластик, резеңке, қағаз бен металл сынықтары өңдеуге жөнелтілді. Тазалық шарасына жүзден астам адам қатысты. Мемлекеттік қызметшілер мен ерікті жастар ағаштардың арасын қалдықтан тазартып қана қоймай, жас көшеттер де отырғызды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика