СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Су – жер бетіндегі тіршіліктің не­гізі болып табылатыны бәрімізге мәлім. Барлық өркениеттер өзендер мен теңіздердің жағалауларында пайда болған. Сондықтан су ресурстарын қорғау – баршамызға ортақ міндет, өйткені, бұл табиғатты ғана емес, сонымен бірге өмірдің өзін қорғау болып табылады.

Судың тиісті мөлшері мен сапасын қамтамасыз ету мәселесі жаһандық маңызға ие міндеттердің бірі. Ежелгі дәуірден бастап ғалымдар таза суды тиімді пайдалану қажеттілігін ескертуде. Қазіргі уақытта халық санының қарқынды артуы, қалалардың көбеюі, экономиканың дамуы су ресурстарын тұтыну көлемінің өсуіне әкелді. Бұл болашақта олардың сарқылуына және ластануына соқтыруы мүмкін. Су ресурстарын тұрмыстық қалдықтармен, сарқынды сулармен, оның ішінде қауіпті өндірістермен, сондай-ақ, ауыл және коммуналдық шаруашылықтардан шығатын қалдықтармен ластай отырып, біз өзімізді және келесі ұрпақты қауіп-қатерге ұшыратамыз.

Ғалымдардың болжамы бо­йынша, 2025 жылға қарай әлем халқының жартысы таза су тапшылығына тап болады. Мұның алдын алу үшін ауызсу көздерін сақтаудың жаһандық бағдарламаларын әзірлеп, суды тазарту жұ­мыстарын жетілдіру, су ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы және оның ластануымен тікелей байланысты аурулар мен өлім-жітім санын қысқартуымыз керек.

Еліміздегі су ресурстары шектеулі. Қазірдің өзінде жекелеген өзен бассейндерінде тапшылық байқалады, соның нәтижесінде балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығында шығындар, көлдердің, өзендердің, сулы-батпақты жерлердің тозуы орын алуда. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл бассейнінің аумағында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында, шамамен, 245 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бассейн аумағында тұратын халық саны 2 млн. адамды құрайды, оның жартысынан көбі қала тұрғындары, бұл су тұтынудың үлкен көлеміне байланысты. Есіл – су ресурстарымен ең аз қамтылған бассейндердің бірі. Су қорларының басым бөлігі көлдерде 55 пайыз, ал өзендерде – 34 пайыз, су қоймаларында, шамамен, 7 пайыз, ал жерасты су қорлары Қазақстан бойынша ең аз 4 пайыз шамасында шоғырланған. Есіл өзенінің негізгі су артериясы – Ақанбұрлық және Иманбұрлық өзендерінің ірі салалары. Бассейннің ерекшелігі – ағынның жыл мезгілдеріне ғана емес, жылдарға да біркелкі бөлінбеуі. Яғни, әр жылдардағы су шығындары әртүрлі болуы мүмкін, бұл оларды шаруашылықта пайдалануды едәуір қиындатады.

Су тұтыну көлемінің өсуі және су ресурстарымен қамтамасыз етудің төмендеуі тапшылықтың өсуіне әкеледі. Қазіргі таңда су ресурстарының жетіспеушілігі мен ластануы мәселелерін шешу үшін түрлі жолдар қарастырылған. Мәселен, су үнемдеу технологияларын, оның ішінде айналымдық сумен жабдықтауды енгізу, суды тазартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, су құбыры желілерін уақтылы ауыстыру және су ресурстарын пайдалануға ұқыпты қарау.

Бүгінгі таңда су ресурстарын сақтау және пайдалану мәселесі жаһандық міндет болып табылады. Сондықтан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын су ресурстарына ұқыпты қарауға, өндірісте және тұрмыста суды үнемдеуге, су қоймаларын қалдықтармен ластамауға, тазартылмаған сарқынды суларды өзен-көлдерге ағызбауға, сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын пайдалану және өз кәсіпорындарын айналымдық су жүйесімен жабдықтауды енгізуге шақырады.

Андрей СЛАВНЫЙ,

облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика