Қолқаны қапқан көк түтін

Қоғамдық көліктерден шыққан көк түтін қоршаған ортаны ластап, тұрғындар газ иісінен зардап шегуде. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде осыған қатысты шағымдар көбейіп кеткен. Облыстық экология департаментінің мамандары тәртіп сақшыларымен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, көліктерден шығатын газдың деңгейін тексерді.

Өңірлік экология департаменті мамандарының хабарлауынша, тексеріс барысында жиырма жүк кө­лігі мен қоғамдық автобустар қамтылған. “Экологиялық тексеріс Петропавл қаласының 20-шы шағынауданындағы автобустардың соңғы аялдамасында және “Южный” бақылау бекетінде жүргізілді. Қорытындысында 9 жүк көлігі мен автобустардан шығатын газдың уыттылық деңгейі жоғары екені анықталды. Газдың стандарттан асып-аспағанын анықтау үшін арнайы құрылғы – пайдаланылған газ түтінін өлшегіш қолданылды”, – деді ведомствоның зертханалық-талдауды бақылау бөлімінің бас маманы Бақытжан Тұрғынова.

“Adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің басшысы Руслан Асаубаев атап өткендей, пайдаланылған газдың уыттылық деңгейінің артуына байланысты тұрғындар тарапынан жағымсыз иіске қатысты шағымдар түскен. Бұл мәселенің шешімін табу үшін бірден тексеріс тағайындалған. “Мәселен, Петропавл қаласының орталық көшесінде тұрғындарды тасымалдаумен айналысатын 24М бағытындағы қоғамдық көлікте газдың уыттылық деңгейінің мөлшерден асып кеткені тіркелді. Автобустың иесіне кемшіліктерді ескертіп, жою жөнінде ұсыным әзірленді”, – деді Руслан Асаубаев.

Салтанат ЖҮНІСОВА,

облыстық экология департаментінің баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика