Табиғатты қорғау — тәрбиеден

“Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды”, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту қажеттігіне ерекше тоқталды.

Үкіметке экологиялық ахуалды жақ­сар­ту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыру тапсырылды. Сонымен қатар биоло­гиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақмерзімді жос­парларды бекітіп, сол бойынша жұмыс істеу керектігі ескертілді. Яғни, белгілі бір жоспар бойынша нақты шараларды орындау арқылы үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап көрсеткендей, алдағы бес жыл ішінде орман алқабында – 2 мил­лиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл елі­міздегі көгалды алқаптарды кеңейтуге айтарлықтай септігін тигізері сөзсіз. Облыста көшет егу жұмыстары жыл сайын жоспарға сай жүзеге асырылуда. Оған, әсіресе, өскелең ұрпақтың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін “Жасыл ел” еңбек жасағының жастары айтарлықтай үлес қосуда. Президенттің тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта өңірімізде де тиісті шаралар қолға алынып, көгалдандыру бағытында жоспарға сай жұмыстар атқарылатын болады.

“Мек­тептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәр­бие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құнды­лық­тарды орнықтыруға үндейтін “Birge – taza Qazaqstan” экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн”, – деген Президенттің айтқан сөздері өте орынды. Өйткені, экологиялық тәрбиені, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетіп, қорғау қажеттігін жастарға мектеп қабырғасынан бастап үйретуіміз керек. Сонда ғана табиғатты аялап, оған қамқорлық көрсететін өскелең ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз бар. Қоршаған ортаны таза ұстау үшін өткізілетін дәстүрге айналған сенбіліктер мен акциялардың да пайдасы мол. Бұл мақсаттағы жұмыстарды күшейту керек деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс. Нәтижесінде еліміз көркейіп, гүлдене түсері анық.

Ерболат ОМАРОВ,

облыстық экология департаментінің басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика