ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

“Жасыл ел” еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталуға жақын. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен өңір өрендерін жазғы демалыс уақытында жұмыспен қамтуға және олардың бойында табиғатты қорғау сезімін қалыптастыруға бағытталған жобаның пайдасы орасан.

Аталған жоба аясында “Қызылжар орман ша­руашылығы” коммуналдық мекемесіне М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және жергілікті колледждердің 65 студенті жұмысқа орналастырылды. Олар екі айдың ішінде Боголюбово және Куйбышев орман шаруашылықтарындағы жас көшеттерді өсіруге айтарлықтай үлес қосып, демалуға келушілерден кейін мемлекеттік орман қорының аумағын қоқыстардан тазарту, сонымен қатар аумақты абаттандыру және жөндеу жұмыстарына атсалысты. Орман аумағында төтенше жағдайлар мен өрттің алдын алу үшін қылқанжапырақты ағаштарға күтім жасап, қураған бұтақтарын кесу жұмыстарымен де жасылелдіктер айналысты.

“Жасыл ел” жасағының жастарын еңбекке баулып, білгенін үйретіп, үнемі қолдау көрсетіп жүретін орманшылардың қамқорлығын де атап өткен жөн. Әлік Мұрсәлім, Тимофей Боярский бастаған мамандар жастарға тәлімгерлік жасау арқылы оларды қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиеледі.

Роза ТІЛЕУОВА,

“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мекемесінің инженер-орман патологі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика