Қыран құс не алмайды салса баптап

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес 1 шілдеде басталған аңшылық маусым 30 қарашаға дейін жалғасады. Өңір аумағындағы суда жүзетін жабайы құстарға әуесқой аңшылық жасауға рұқсат етіледі.

Ала жаздай мылтықтарын майлаумен болған аңшылар суырларды ұйқыға кеткенге дейін, ал құстарды 30 қарашаға дейін аулай алады. Кейбір құстарды атуға әлі ертерек, мәселен бөдене, көгершіндерді аулау 20 тамыз күні басталды. Бірақ бөденені аңшы иттері мен жыртқыш құстар салып аулау мерзімі – 15 шілдеде басталып, құстар жылы жаққан ұшқанша жалғасады. Қасқалдақты 5 қыркүйек пен 30 қараша күндері аралығында атуға рұқсат. Кекілік, бұлдырық, борсық, марал, қабан және бұлан сияқты жануарларды аулауға 5 қыркүйектен, сібір елігін 20 қыркүйектен, түлкі, қарсақ, қояндарды аулауға 1 қарашадан бастап рұқсат етілмек. Аңдардың басқа түрлерін аңшылық ережесінде көрсетілген мерзімде белгіленген аумақтарда аулауға болады.

Аңшылар аң-құс аулаудың мерзімін сақтап қана қоймай, аңшылықтың түрлерін, тәсілдерін жете меңгеруі қажет. Аңшылыққа шығатындарға заңдарды және ережелерді бұзуға болмайтынын және бұл үшін қолданылатын жаза қатаң екендігін ескертеміз. Аңшының жолдамасы, төлқұжаты, қару-жарақты ұстауға және сақтауға рұқсат беретін қағазы міндетті түрде өзімен бірге болуы тиіс.

Дмитрий БУТЕНКО,

Қызылжар орман шаруашылығының маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика