“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖАСАҒЫНЫҢ ЖӘРДЕМІ

“Жасыл ел” еңбек жасағының мүшелері табиғатты қорғауға сүбелі үлес қосуда.

Жастардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, көгалдандыру жұмыстарына аталысуға көмектесетін жасаққа биыл 400-ден астам адам қабылданса, соның басым бөлігі өңірдің орман шаруашылығында жұмыс істеді. Қызылжар ауданындағы Соколов орман шаруашылығында сегіз адамнан тұратын жастар жасағы аумақты тазалау, сыпырғыш әзірлеу, тұқым дайындау және отырғызу жұмыстарымен айналысты.

Өрт сөндіруші мамандығына оқып жүрген Тимур Чернооглу жазғы демалыста уақытын тиімді пайдаланып, қосымша қаржы табуға болатыны жөнінде достарынан естіп, жасаққа келіп қосылған. Ол демалысын пайдалы өткізіп қана қоймай, осы уақытта көп нәрсе үйренгені жөнінде айтты. “Жұмыс барысында бұтақтарды жинап, сыпырғыштарды әзірледік, – деген Тимур “Жасыл ел” жасағындағы еңбекақысын оқуының ақшасын төлеуге жұмсамақ.

Жасақ мүшелерінің бір бөлігі орманды тазалау жұмыстарына жауапты болса, қалғаны тәлімбақта еңбек етті. Соколов орман шаруашылығында аумағы үш жарым гектарды құрайтын төрт тәлімбақ бар. Онда жұмыс көп және жастардың көмегі аса қажет. Студенттер негізінен алқапты арамшөптерден тазартып, суарумен айналысты.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика