ҚОҚИҚАЗ
- Жаңартылды 25 Тамыз 2020
- Қаралды: 144
Қорғалжын – әлемде ең ірі қызыл қанат қоқиқаз – фламинго ұя салып, балапанын қанаттандыратын бірден-бір өңір. Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО-ның бүкілдүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.
Қоқиқаз дүниежүзінде бойы биік және аяқтары мен мойны ұзын құстар тобына жатады. Дене бітімі ерекше, тұмсығы имек. Қауырсындарының түсі ақ, қызғылт, ұштары қара, ал тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарай иіліп, қоқиып тұрғандықтан, “қоқиқаз” атанған. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік етеді. Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада, Еуразияда көптеп кездеседі. Салмағы – 3-4 кг., қанаттарының ұзындығы – 35-49 см. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды.
Қазақстанға наурыз-сәуір айларында ұшып келіп, қазан-қарашада Иран, Ауғанстан, Пәкістан аумағына қоныс аударады.
Қазақстанның “Қызыл кітабынан”.