- 22 Қаңтар 2021
Асық ату – мектеп бағдарламасында
Асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар мектеп-гимназияның оқу бағдарламасына енгізіліп, оқушылар көне құндылықтарымыздың қыр-сырына қанығып жүр. Ережелерін де меңгеріп алды.
- 22 Қаңтар 2021
Ұстаздық еткен жалықпас
Туып-өскен жерім – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы. “Серпін” мемлекеттік бағдарламасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің педагогикалық факультетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітірдім. Оқу орнын үздік тамамдағанның артықшылығы сол, мамандыққа “модератор” деген санат қоса беріледі.

- 22 Қаңтар 2021
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ТИІМДІ
Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен атқарушы органдар бірлесіп, дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыруда. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың оң ықпалы бар екенін түсінген білім беру мекемелері де осы жүйеге біртіндеп көше бастады. Солардың бірі – біздің кәсіби дайындық және сервис колледжі. Жобаның бір артықшылығы, биылдан бастап студенттердің білім алу кезіндегі мерзімі олардың жұмыс өтіліне қосылатын болады.
- 22 Қаңтар 2021
Жауапты кезең
Мұғалім! Осы бір сөздің астарында қаншама мағына, жүрекке сәуле себелейтін жылылық жатыр десеңші?! Мамандықтың бәрі жақсы екеніне талас жоқ. Дегенмен, жан-жақты білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін ұстаз тұғырының орны бөлек. Оқушының екінші ата-анасы іспеттес. Болашаққа жол сілтер, бағыт-бағдар берер ақылшысы десек те бек жарасымды. Ақыл-парасатымен талай “тентекті” жуасытып, небір “еркені” азамат қылып қалыптастырғанына әркім куә.

- 22 Қаңтар 2021
“ӨРКЕН” ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
Назарбаев зияткерлік мектебінде 6-сыныпқа құжат қабылдау бүгін аяқталады. Қорытынды тестілеу 11-12 наурыз күндері өтеді. Пандемияға байланысты дарынды балаларға арналған мектепте білім алғысы келетіндер үшін бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тапсырылатын құжаттар тізімі қайта түзіліп, сынақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылар математика мен жаратылыстанудан, екінші кезеңде гуманитарлық пәндерден бақ сынасады. Тест үш тілде өтеді. Сондай-ақ, талапкерлер медициналық анықтаманы оқуға қабылданғаннан кейін де тапсыра алады.